STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 134 (STOP 2)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

134. ТОҚТА 2


Қыз: «Өмір мектебі, 1 бөлім. Бүгін біз ТОҚТА-белгісін зерттейміз».

(жол қозғалысының шуы)

Бала: «Ол есінен танып қалды ма не? Ол бар жылдамдықпен ТОҚТА-белгісінен өтіп кетті».

Қыз: «Мүмкін ол бір жерге асығып бара жатқан шығар».

Киелі кітапта бір асығыс адам туралы жазылған. Бұл сөзбен айтып жеткізе алмайтын адам еді. Барлығы одан қорықты. Ол көптеген адамдарды қасақана өлтірді. Оның кесірінен қаншама жазықсыз адамдар зардап шекті.

Саул: «Біз барлық мәсіхшілерді жер бетінен жоямыз! Біз Исаны – Құдайдың Ұлы деп атайтын, бірде-бір адамды қалдырмаймыз. Қазір Дамаскіге барамыз».

Ол ерлер мен әйелдерді түрмеге қамауды жоспарлаған. Бас діни қызметкер осы ниеті үшін оған «жасыл жарық» берді.

(қадам дыбыстары естіледі) Саул қалаға жақындаған сайын жылдамырақ жүрді. Бірақ кенеттен ол тоқтатылды.

Ол аспаннан түскен жарықтан ештеңе көре алмады.

Иса: «Саул! Саул! Неге сен Мені қудалайсың?»

Саул: «Сен кімсің, Ием?»

Иса: «Мен сен қудалап жүрген Исамын. Тұр да, Дамаскіге бар, сонда Менің сенен не қалайтынымды білесің».

Пауылдың қасындағылар да бұл дауысты естіді, бірақ ешкімді көрмеді. Саул орнынан тұрып, өзінің соқыр екенін түсінді. Серіктері оны қалаға жетелеп апарды.

Саулды тоқтатқан Иса болды. Сонда Саул өзінің бұрыс жолмен жүргенін түсінді. Ол Құдайға ұнамды өмір сүремін, деп ойлады. Бірақ олай емес еді! Исасыз біздің бәріміз де дұрыс емес жолда боламыз. Бұл жол аспанға апармайды. Бұл қауіпті жол. Сондықтан Иса Саулды және басқа да көптеген адамдарды тоқтатты.

Қыз: «Мен көзді соқыр ететін жарықты ешқашан көрген емеспін».

Құдайдың «ТОҚТА-белгісі» әр адамға әртүрлі көрінуі мүмкін.

Бала: «Мысалы, бұл ауру болуы мүмкін. Ал сіз үшін ТОҚТА-белгісі қандай болды?»

Мен үшін ТОҚТА-белгісі уағыз болды. Құдай кейбір адамдар үшін ТОҚТА-белгісі ретінде адамдарды пайдаланады.

Қыз: «Ал Саулмен ары қарай не болды?»

Ол өзінің теріс жолда екенін мойындап, дұға етті. Үш күннен кейін оған бір адам қонаққа келді.

Анани: «Қымбатты бауырым Саул, көздерің көрсін деп Иеміз Иса мені саған жіберді. Киелі Рухқа толы бол, сонда Ол саған дұрыс жолмен жүруге күш береді».

Саулдың көздері бірден қалпына келді.

Бала: «Ары қарай не болды?»

Содан кейін ол бұрын өлтіргісі келген мәсіхшілермен дос болды. Олар оның ең жақын достары болды. Ол көптеген адамдарды Исаға әкеліп, оларға дұрыс жолды көрсетті.


Рөлдер: Баяндаушы, қыз, бала, Саул, Иса, Анани

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 25, 2023, at 02:40 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)