Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 062 (Finally at the goal 2)
62. Ақыры мақсатқа жету 2
Шығыстың ғұламалары патша сарайынан шықты. Олардың көңілдері жабырқап қалды. Олар патшаның сарайында туылған Патша Исаны іздеді. Олар Оған табынып, Оның Билеуші екенін барлығына көрсету үшін келген еді.
Бірақ олар Иерусалимде Исаны таппады. Олар қаладан шыққанда түн батып кеткен еді.
1-ші ғұлама: «Ирод патша неге соншалықты қобалжыды?»
2-ші ғұлама: «Және оған жұлдыздың қашан пайда болғанын нақты білу не үшін керек болды?»
1-ші ғұлама: «Міне, ол! Бұл жұлдыз бізге яһудилердің Патшасының дүниеге келгенін көрсетті».
Бабылдық ғұламалар жұлдызды қайта көргенде қатты қуанды.
Аспанда олардың алдында жылжып, Бетлехемге баратын жолды көрсететін жұлдызды елестетіп көріңдерші!
Олар қалаға кірді, сол жерде жұлдыз үйлердің бірінің дәл үстіне тоқтады. Бұл үйде Мәриям, Жүсіп және сәби Иса болды.
Халық санағы біткенде және санаққа келгендердің бәрі үйлеріне қайтқанда, бұл отбасы осында қоныстанды.
Ғұламалардың іздестіру жұмыстары аяқталды. Олар іздегендерін тауып алды.
Олар үйге кіргенде, Мәриям, Жүсіп және нәресте Исаны көрді. Олар Құдай жіберген Патшаны өз көздерімен көрді.
Олар таңданып, Исаның алдында тізе бүгіп, Оған табынды. Олар Оның Патша болғанын және өздерінің өмірлерінде билік еткенін қалады.
Балалар, Иса сендер үшін Патша ма? Сендер Оған мойынсұнып жүрсіңдер ме? Ол сендердің өмірлеріңді бағыттайды ма?
Бұл дүниеде, Исаны біздің Патшамыз ретінде қабылдап, Оның соңынан еріп жүруден артық ештеңе жоқ.
Ғұламалар бүкіл өмірлерін Исаға арнады. Олар Оған алғыс ретінде сыйлықтар әкелді: алтын, әрі жұпар шайыр мен мүр атты хош иісті заттарды. Бұл олардың мәңгі Патшаға берген сыйлары еді.
Біз өз өмірлерімізді Исаға беруіміз керек, бұл Ол үшін ең керемет сый. Бүкіл өмірін Исаға берген адам - үлкен сый алады!
Рөлдер: Баяндаушы, екі ғұлама
Авторлық құқықтар: CEF Germany