Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 026 (A friend betrays Jesus)
26. Дос Исаға қарсы сатқындық жасады
Дос па, қас па? Қалай ойлайсыңдар?
Ол Иерусалимнің тар көшелерімен тездетіп жүріп, артына қарайлап, жүгіріп бара жатты. Ақыры ол бас діни қызметкердің сарайына жетті. Сол жерде жабық есіктердің бірінде Исаны өлтіруді жоспарлаған адамдар жиналды. Тақылдатқан есікті ашқанда, олар Исаның шәкіртін көріп таң қалды.
Дос қастарға барды... Бұл нені білдіреді?
Яһуда: «Егер Исаны қалай ұстауға болатынын айтсам, маған не бересіңдер?»
Исаның жауларының жүздерінде күлімсіреу пайда болды.
Бас діни қызметкер: «Біз саған отыз күміс теңге береміз».
Келісім жасалды. Яһуда бас діни қызметкердің сарайынан риза болып шықты.
Ар-ұждан: «Яһуда, сен Исаның шәкіртісің. Ақша үшін Оған қалай опасыздық жасай аласың?»
Яһуданы ар-ұжданы азаптаған болуы керек. Ол үш жыл бойы Исаның досы болып саналды, бірақ жүрегі Одан алыс болды. Енді ол Исаға опасыздық жасау үшін, қолайлы сәтті күтіп отырды.
Иса әр адам туралы бәрін біледі. Иса не болатынын білген. Ол Өзінің өлтірілетінін білді және Гетсиман бағында дұға етті. Кенеттен шу естілді. Бұл Яһуда және онымен бірге қолдарында алаулары мен қылыштары бар сарбаздар еді.
Дос па, қас па?
Бірде Иса былай деген: «Кім Менімен бірге болмаса - Маған қарсы болады».
Яһуда Иеміздің бетінен сүйіп, Оған опасыздық жасады.
Сарбаздар тез арада Исаға жүгіріп барып, Оны ұстап алды.
Олар Оған қатігездік қөрсетті. Олар Исаны ұрып-соғып, бетіне түкірді. Содан кейін кінәсіз, әділ Исаны кеңестің алдына әкелді.
Жалған куәгерлер Оны айыптады. Ғибадатхананың қызметшісі Оған айғайлап:
Ғибадатхананың қызметшісі: «Өзіңді ақтау үшін не айта аласың?» - деді.
Иса үндемеді. Ол бір де бір сөз айтқан жоқ.
Бас діни қызметкер: «Айтшы, Сен шынымен Құдайдың Ұлысың ба?»
Иса: «Иә, бұл рас».
Адамдар: «Мүмкін емес!»
Адамдар: «Біз Оған сенбейміз!»
Адамдар: «Ол өлуге тиісті!»
Адамдар: «Оны ұстаңдар!»
Адамдар: «Ол өлуі керек!»
Олар Оған сенгісі келмеді. Ал одан әрі не болды?
Бұл туралы толығырақ келесі шығарылымнан естисіңдер.
Рөлдер: Баяндаушы (және ар-ұждан), Яһуда, Бас діни қызметкер, ғибадатхананың қызметшісі, Иса, адамдар
Авторлық құқықтар: CEF Germany