STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 113 (Can your God do everything)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

113. Сендердің Құдайларың бәрін жасай ала ма


Катрин: «Сен елестете аласың ба, Юрген? Дәл қазір біреу маған 20 еуро берді. Бірақ менің елші қызметшілер үшін ақша туралы дуға етіп жүргенімді ешкім білмеді».

Юрген: «Сен ақшамен не істегің келеді?»

Катрин: «Білесің бе, ата-анам маған ақша бергенде, мен әрқашан Құдайға ақшаның бір бөлігін беремін, мен оны елші қызмет үшін жинап жатырмын. Жақында, Хартман ханым, Қытайдағы елші қызметшілерге Туылу мейрамына арналған сыйлықтардың үлкен қорабын жібереді, мен оған қуыршақ салғым келеді. Мен ойыншықтар дүкеніне бара жатырмын. Менімен бірге барғың келе ме?»

Юрген: «Әрине!»

Олар ойыншықтар дүкеніне барып, әдемі көк көйлек киген, ұзын ақшыл шашты қуыршақты таңдады. Қуыршақ үшін ақшаны төлеп, Катрин мен Юрген, Хартман ханымға барды.

(есіктің қоңырауы соғылып, есік ашылады)

Катрин: «Қайырлы күн, Хартман ханым! Мына қуыршақты Туылу мейрамына арналған сыйлықтарға салыңызшы».

Хартман ханым: «Ой, кешір, бірақ тым кеш. Біз қорапты жинап қойғанбыз».

Катрин: «Жоқ! Бұл қуыршақты міндетті түрде Қытайға жіберу керек қой! Мен бұған сенімдімін! Өйткені Иса маған бұл үшін ақша берді!»

Қыздың байыпты екенін көрген Хартман ханым қорапты ашты.

Катрин: «Сізге көп рахмет, Хартман ханым! Құдайдың бұл қуыршаққа деген бір жоспары бар».

Розмари әпке мұны білген сияқты! Ол Қытайда елші қызметкер болып, қытай қызы Адинаға неміс тілін үйреткен.

Адинаның тіл үйренуге деген дарыны бар еді. Бірақ ол кереметтер жасайтын және оны жақсы көретін тірі Құдай туралы ешқашан естімеген еді.

Адина: «Сіздің Құдайыңыз бәрін жасай алады деген рас па?»

Розмари әпке: «Иә, Құдай үшін мүмкін емес ештеңе жоқ».

Адина: «Онда Ол маған Туылу мейрамына көк көйлек киген неміс қуыршағын жібере алады. Одан осыны сұраңызшы, өтінемін!»

Розмари әпке Құдайдың бұл тілекті қалай орындайтынын елестете алмады. Ол қорапты ашып, дұғасының жауабын – көк көйлек киген қуыршақты көргенде, өте таң қалды! Бұл кездейсоқтық болуы мүмкін емес!

Розмари әпке: «Рахмет Саған, Тәңір Иса. Сен тірісің және Сен шынымен де бәрін жасай аласың! Адина Саған сенімін артсын, оған көмектесе гөр».

Ол қуыршақты әдемі қаптамаға орап, сыйлықты Адинаға берді.

Розмари әпке: «Міне, Адина, саған бұл сыйлықты Тәңір Иса жіберді» (қағаздың сылдыры).

Адина: «Қандай әдемі! Мен армандаған қуыршақ дәл осы!»

Қыз қуанғаннан секірді. Кенеттен оның жүзі байсалды болып кетті.

Адина: «Розмари әпке, Иса шынымен де бәрін жасай алады. Мен Оған сенемін, өйткені Ол менің тілегімді орындады. Иеміз Иса, менің өміріме кіріп, жүрегімді тазарт. Мен толығымен Сенікі болғым келеді! Әумин».

Адинаның жүрегі шынайы Туылу мейрамының қуанышына толы болды. Исаның қолынан бәрі келеді! Адина бұл туралы көптеген адамдарға айтып берді.


Рөлдер: Баяндаушы, Катрин, Юрген, Хартман ханым, Адина, Розмари әпке

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 02:17 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)