Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 136 (First aid 4)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

136. Алғашқы көмек 4


(Жол қозғалысының шуы)

Қыз: «Өмір мектебі, 3 бөлім: алғашқы көмек».

Балалар, сендер дәрігерлері мен медбикелері жоқ аурухананы көргенсіңдер ме?

Бір кездері Исраилде мұндай аурухана болған. Ол ауруханадан гөрі тоғанға көбірек ұқсайтын. Тоғанның төрт жағынан бағандары бар жабық галереялар болды. Тоған болса арасында өткелі бар екі бөліктен тұрды.

Сол жерде көптеген ауру адамдар жатты. Бірақ дәрігерлер оларды емдеген жоқ. Оларға алғашқы көмек көрсетілмеді. Жедел жәрдем де болған жоқ.

Науқастар үнемі суға қарап отырды. Бұл жер туралы былай айтатын, періште анда-санда қолын суға тигізеді екен, ал кім суға бірінші секірсе, сол адам сауығып кетеді. Барлығының да сауығып кеткісі келді! Әсіресе бір ақсақ адам. Ол өзіне қажетті көмекті судан аламын деп үміттенді.

Ер адам: «Көзімді судан ала алмаймын. Міне, су шайқала бастады! Мен үлгеріп, суға бірінші болып секіруім керек (судың шайқалуы). Әй, мен қайтадан үлгермедім. Мен ешқашан бірінші болып секіре алмаймын...»

Ол мұңайып, төсегіне жатты. Ол 38 жыл бойы Бетезда тоғанынан «көмек» күтті. Және ешқашан бірінші болып секіруге үлгермеді.

Бірақ бір күні оның қасына бір Адам келді.

Иса: «Сауыққың келеді ме?»

Ер адам: «Менің сауыққым келеді. Бірақ маған бірінші болып суға секіруге көмектесетін ешкім жоқ. Басқалар үнемі менен бұрын түсіп қояды».

Иса: «Орныңнан тұрып, төсенішіңді жинап ал да, жүре бер!»

Ер адам орнынан тұрды. Ол сауығып кетті. Ине салмай-ақ және жарасын таңбай-ақ, оған қажетті көмек көрсетілді. 38 жылдан кейін ол ақыры сауығып кетті! Қызық, оның сауығып кеткеніне басқалар қуанды ма?

Парызшыл: «Сен не істеп жатырсың? Төсегіңді көтеруге кім рұқсат берді? Бүгін сенбі. Сенбі күні барлық іс-әрекеттерді істеуге рұқсат етілмейді, тек демалу керек!»

Ер адам: «Бірақ мені сауықтырған Адам маған: төсенішіңді жинап ал да, жүре бер, деді».

Парызшыл: «Бұл Кім болды?»

Ер адам: «Мен білмеймін. Осыдан кейін мен Оны көрмедім».

Балалар, сендер Оның Кім екенін білесіңдер ме? Дұрыс. Тәңір Иса. Ол – бәрінен де жақсы көмектеседі. Тек тәнге ғана емес, жанға да көмектеседі. Ол қуана көмектесіп, құтқарғысы келеді.

Кейінірек Иса сол ер адаммен қайтадан кездесіп, оған жақсы кеңес берді.

Иса: «Енді сен саусың. Бұдан былай жамандыққа ұшырамауың үшін, арамдық пен күнә жасама».

Мен Исаның не туралы айтқанын түсінемін. Ал сендер ше, балалар?


Рөлдер: Баяндаушы, ер адам, Иса, парызшыл, қыз

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 25, 2023, at 07:26 AM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)