Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 137 (The destination indicator 5)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

137. Жол белгісі 5


Қыз: «Өмір мектебі, 5 бөлім: жол белгісі».

(жол қозғалысының шуы)

Айжан: «Ал енді қайда?»

Баян: «Қандай ақымақтық! Мен нұсқауларды үйде қалдырып кеттіппін».

Айжан (мысқылдап): «Жарайсың! Ал енді не істейміз?»

Баян: «Ана жерде жол белгісі тұр».

Қыздар қалаған жеріне жетті ме? Жол белгілерінің болғаны қандай жақсы болды. Олар тек кәдімгі жолда ғана емес, сонымен қатар өмір жолында да қажет. Балалар, Құдайдың біз үшін берген жол белгілері бар екенін білесіңдер ме?

Бала: «Ал олар неге ұқсайды?»

Олардың қолдары мен аяқтары, құлақтары мен ауздары бар. Філіп осындай «жол белгісі» болды. Ол Құдайға апаратын жалғыз жолды білді және оны жақсы түсіндіріп бере алатын. Філіп көптеген адамдарды Исаның жолына алып келді.

Періште: «Філіп, Иерусалимнен Газаға баратын жолмен оңтүстікке қарай жүр».

Філіп Құдайға керек болды. Сендер де Құдайға керексіңдер. Құдайға жол білетін адамдар керек. Сендер Исаға жол белгілері ретінде қызмет еткілерің келеді ме?

Філіптен көп нәрсені үйренуге болады. Ол Құдайға, мен барғым келмейді, деп айтқан жоқ. Ол бірден Оған мойынсұнды. Ол шаң басқан жолда көпке дейін жалғыз болмады. Жолда Эфиопия патшайымының қаржы министрі мінген сәнді күйме пайда болды. Ол Иерусалимде ғибадат ету үшін 200 шақырымнан астам жол жүрді. Ғибадатханада ол шиыршық түріндегі қымбат Киелі кітапты өзіне сатып алды. Қайтар жолда ол оны дауыстап оқыды.

Філіп күймеге қарай жүгірді.

Філіп: «Оқығаның түсінікті ме?»

Эфиопиялық: «Жоқ. Өйткені маған оны түсіндіретін ешкім жоқ. Менің қасыма отырып, маған мұнда не айтылып жатқанын түсіндірші».

Філіп: «Сен Иса туралы оқып жатырсың. Иса – Құдайға апаратын жалғыз жол. Оған сен, сонда Ол сені осы өмірдің және мәңгілік өмірдің түпкі мақсатына жетелейді».

Эфиопиялық: «Мен Исаның Құдайдың Ұлы екеніне сенемін».

Філіп Исаға апаратын жолды көрсететін жол белгісі сияқты болды. Ал қаржы министрі оның нұсқауын орындады.

Эфиопиялықтың жүрегі ақиқат жолын тапты және ол қуанышпен еліне оралды. Ол туралы біздің білетініміз осы ғана.

Балалар, сендер Құдайға апаратын жалғыз жолды білесіңдер деп үміттенемін. Менің ойымша, сендер де үйде, мектепте және достарыңның арасында Иса үшін жол белгісі ретінде қызмет етесіңдер. Бәлкім, бір күні Исаға апаратын жол белгілері қажет болатын елдерде қызмет етесіңдер. Мүмкін сендер Африкада немесе басқа да елдерде қызмет етесіңдер? Өйткені миллиондаған адамдар дұрыс жолды білмейді, оларға жол белгісі керек. Олар әлі де Исаның Құдайға апаратын жалғыз жол екенін естіген жоқ.


Рөлдер: Баяндаушы, бала, қыз (және Айжан), Баян, періште, Філіп, эфиопиялық

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 25, 2023, at 07:27 AM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)