Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 090 (The angry teacher 2)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

90. Ашулы мұғалім 2


Батту: «Тезірек, Рингу, тезірек! Сен жеңесің!»

Рингудың аяғы қатты ауырды. Бірақ оның бұл жарыста жеңіске жетуге ұмтылғаны сонша, ол тізгіндерді қатты ұстап алып, бар күшін салып жүгірді. Ол бірнеше арбаларды басып озып, мәреге бірінші болып жетті.

Батту: «Ол жеңді! Рингу жарысты жеңіп алды!»

Батту қуаныштан секіре бастады. Әкесі ұлын мақтан тұтты.

Бұқаларының мойнына гүл шоқтары кигізген кезде, Рингу қуаныштан нұрланды. Аяғының ауырғанына ол ерлікпен шыдады. Олар үйге оралған кезде, оның аяғы одан бетер ауырды. Рингудың басы ауырып, қызуы көтерілді.

Анасы: «Рингу, үйдің жанындағы орындыққа жат. Қарашы, біздің ауылға ақ түсті шетелдік пен Панду келе жатыр».

Рингу: «Мен оны білемін. Ол әрқашан Ұлын дүниеге жіберген, мейірімді Құдай туралы айтып жүреді».

Сахиб Грабб: «Сәлеметсіз бе, бүгін біз бұлақтың жанында фильм көрсетеміз. Біз сіздерді шақырамыз. Келесіздер ме?»

Анасы: «Кешіріңіз, біз келе алмаймыз. Ұлымыз қатты ауырып жатыр. Емші оған көмектесе алмады. Ұлымызға не көмектесе алатынын білесіздер ме?»

Шетелдіктің Рингудың аяғын тексеріп жатқанын, адамдар үлкен қызығушылықпен бақылап отырды.

Сахиб Грабб: «Мен сіздерге көмектесе аламын. Маған тек бір тостаған ыстық су керек. Мен онда осы ұнтақтың біразын араластырамын... Судың температурасы дұрыс. Рингу, аяғыңды суға сал. Бұл дәрі оны емдейді».

Рингу: «Оны толығымен емдейді ме?»

Сахиб Грабб: «Әрине! Қорықпа. Мен сен үшін дұға етемін: Тәңір Иса, Сенің қолыңнан бәрі келеді. Өтінемін, Рингудың аяғын емдеп, оның үйін сақташы! Әумин».

Емдеу мен дұға көп ұзамай Рингудың аяғына әсер етті, және бала қайтадан мектепке барды. Ол сабаққа, елші қызметші Сахиб Грабб берген қағазды әкелді. Бұл мұғалімге мүлдем ұнамады.

Мұғалім: «Бұл не деген ақымақтық! Бұл парақша бізге мәсіхшілердің Құдайы туралы үйретеді. Біз үндістер, бұған сенбейміз. Осындай парақтарды енді ешкімнен алма. Түсінікті ме?»

Ол қағазды мыжып, сыныптың бұрышына лақтырып жіберді. Бірақ Рингу ақылды бала! Ол сол күні мектептен ең соңынан шықты, және өзінің қалпағына ол не салғанын сендер болжай аласыңдар!

Рингу: «Батту, мен мәсіхшілердің Құдайы туралы көбірек білгім келеді!»

Батту: «Сен не айтып тұрсың? Мұғалімнің айтқанын ұмытып қалдың ба? Оны тыңдамасаң, жындар сені тірідей жұтып қояды!»

Рингу: «Ал онда олар Сахибті неге жұтып қоймады? Мен бұл парақты сақтап қоямын».

Батту: «Мен қорқып тұрмын!»

Біраз уақыттан кейін осы шағын үнді ауылына қонақтар келді.

Келесі шығарылымда мен сендерге одан әрі не болғанын айтып беремін.


Рөлдер: Баяндаушы, Рингу, Батту, анасы, Сахиб Грабб, мұғалім

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 02:12 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)