STORIES for CHILDREN by Sister Farida(www.wol-children.net) |
|
Home عربي |
Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 080 (A bill for Mom) This page in: -- Albanian -- Arabic? -- Armenian -- Aymara -- Azeri -- Bengali -- Bulgarian -- Cebuano -- Chinese -- English -- Farsi -- French -- Fulfulde -- German -- Greek -- Guarani -- Hebrew -- Hindi -- Indonesian -- Italian -- Japanese -- KAZAKH -- Korean -- Kyrgyz -- Macedonian -- Malayalam? -- Platt (Low German) -- Portuguese -- Punjabi -- Quechua -- Romanian -- Russian -- Serbian -- Slovene -- Spanish-AM -- Spanish-ES -- Swedish -- Swiss German? -- Tamil -- Turkish -- Ukrainian -- Urdu -- Uzbek
ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер
80. Анаға арналған есепшотДинара үлкен ықыласпен дүкен терезесіне қарады. Дүкеннің ішінде ол армандаған ойыншық болды. Динара: «Маған ақша керек. Ересектердің өмірі сондай жақсы. Олар не қаласа, соны сатып алады. Аа, мен бірдеңе ойлап таптым!» Динара асығыс үйіне қарай жүгірді. Кешкі астан кейін ол бөлмесіне кіріп, қарындаш пен қағазды алып, жаза бастады. Динара: «Динарадан келген есепшот (Ескерту: мен мұнда қызметші емеспін!) Шыны ыдыс-аяқты контейнерге қойдым $2,50 Өтініш, тез төлеңіз! Ол үндемей есепшотын ас үй үстелінің үстіне қойды. Кешкі астың алдында, ол өзінің табағының жанында хатты көрді. Кейінірек ол оны бөлмесінде ашты. Динара: «Өте қызықты. (хаттың ашылып, ақшаның түскен дыбысы) Тура 41 доллар! Мен ешқашан соншалықты бай болған емеспін. О, мұнда, ескертпе бар екен: Құрметті Динара! 10 жыл бойы мен сенің киіміңді жудым тегін Мен бұл тізімді әрі қарай жалғастырмаймын. Мұның бәрін мен сен үшін қуанышпен жасадым, қымбатты қызым, өйткені мен сені қатты жақсы көремін. Сенің анаң». Динара ұялып кетті. Ол анасына жүгіріп барып, оны құшақтады. Динара: «Анашым, мен сізге енді ешқашан есепшот бермеймін. Міне, ақшаңызды алыңыз. Мен сізді жақсы көремін!» Біз адамдарға көмектескен кезде, оларға қуаныш сыйлаймыз. Беру - әрқашан да жақсы! Аналар күні жақындап қалды! Балалар, сендер аналарыңды қуантқыларың келе ме? Әрқайсыларың аналарыңа, қандай да бір тосын сый жасағандарыңды қалаймын. Естеріңде болсын: басқаларға сыйлаған қуаныш, әрқашан да өздеріңе оралады! Бұл ереже күнделікті өмірге де қатысты. Рөлдер: Баяндаушы, Динара Авторлық құқықтар: CEF Germany |