Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 059 (Tears on Christmas 1)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

59. Туылу мейрамындағы көз жасы 1


Мәсіхшілердің мектеп-интернатында барлық балалар Туылу мейрамында үйлеріне қайтты. Турея бұл уақытты көптен бері күтті. Әкесі оны алып кетуге келді. Екеуі үйге дейін ұзақ уақыт бойы көлікпен келе жатты, Турея болса көп ойланды.

Турея: «Қызық, Рачиде мені таныр ма екен, әке? Ал Хассанның жағдайы қалай?»

Турея әпкесі мен інісін, мысық пен ешкілерді қайта көретініне өте қуанды.

Олар ауылға жеткенде, терезелерде шамдар жанып тұрған. Аулада жарық қоңыздар ұшып жүрді. Қыздар құдықтан су тартып жатты. Туреяны көрген олар, қатты дауыстап:

Қыздар: «Сәлем, Турея! Біз сенің қайтып келгеніңе өте қуаныштымыз. Қалың қалай? Өз мектебің туралы бізге айтып берші».

Турея: «Жарайды, бірақ қазір кеш батып кетті. Ертең келіңдер, мен сендерге барлығын айтып беремін».

Анасы Туреяға оның сүйікті асын әзірледі. Олар бір-біріне көп нәрсені айтқысы келді. Туреяның үйге келмегеніне көп уақыт болса да, мұнда бәрі сол қалпында қалды. Тек бірдеңе ерекше болды! Бұл туралы Турея ұйықтар алдында төсегінде ойлады.

Сол уақытта Туылу мейрамы еді, бірақ оны ауылда ешкім тойлаған жоқ. Мұнда Туреядан басқа ешкім Исаны жақсы көрмеді. Ол Туылу мейрамын тойлағысы келді, бірақ қалай екенін білмеді.

Турея: «Мен не істеу керектігін түсіндім. Ертең мен ерте тұрып, Киелі кітапты оқуға барамын».

Ол дәл солай істеді. Таңертең ерте, үйден үнсіз шығып, бір төбеге көтерілді. Онда ол жалғыз отырып, Мәриям, Жүсіп және сәби Иса туралы оқыды.

Турея: «Иса Өз халқына келді, бірақ олар Оны қабылдамады. Уа, Ием, сол кезде, Бетлехемде, олар Сенің алдыңда есіктерін жапты, ал бүгін олар жүректерін жауып тастады».

Турея он жаста еді, ол Исадан оның өміріне келуін сұрап, Оған Тәңір әрі Құтқарушы ретінде сенді.

Хассан: «Турея, мен сені барлық жерден іздедім. Сен не оқып жатырсын?»

Енді ол не істеу керек? Бауырына Киелі кітаптағы оқиғаны айтып берсе, не болады екен? Егер інісі бұл туралы ата-анасына айтса ше? Бұл оны қиын жағдайға ұшыратуы мүмкін. Дегенмен, ол оған Иса туралы айтуды шешті. Дүние жүзіндегі қауымдардың қоңыраулары Мәсіхтің туылғанын жариялап жатқанда, бұл кішкентай бала Исаның тарихын бірінші рет естіп тұрды.

Туылу мейрамы күні өте жақсы басталды, бірақ соңында көз жасы төгілуі керек еді. Бірақ неліктен? Балалар, бұл туралы келесі бөлімде айтып беремін.


Рөлдер: Баяндаушы, қыз, Турея, Хассан

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 02:04 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)