Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 006 (9 to 1)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

6. Тоғыздан бір


Иеміз Исаның шәкірттері Онымен бірге көп жүрген. Біз Киелі кітапты оқи отырып, олардың бүкіл Исраилді аралап жүргенін көреміз. Шәкірттер Исамен бірге болу мәртебесіне ие болды, өйткені олар өз көздерімен Исаның науқастарды сауықтырғанын, Көктегі Әкеге дұға еткенін және дауылды тоқтатқанын көрді.

Лұқа жазған Ізгі хабарда бір күні Иса шәкірттерімен бірге шаң басқан жолда келе жатқанда, олардың Самария мен Ғалилея арасындағы шағын қалаға келгені туралы айтылады.

Алапеспен ауыратындар: «Иеміз Иса, бізге көмектес!» - он алапес Исаны танып осылай айғайлады.

Шәкірттері оларға жақынырақ келгенде, бұл он адамның алапес екенін көрді.

Алапес – бұл өте қорқынышты ауру. Алдымен теріде дақтар пайда болады, содан кейін адамның аяқ-қолдары бұзылады. Алапеспен ауыратындар үңгірлерде немесе далада тұруға мәжбүр болды. Оларға басқа адамдарға тиісуге рұқсат етілмейді. Барлығы олардан аулақ жүрген. Бірақ Иса олардан аулақ болған жоқ.

Алапеспен ауыратындар: «Иса, бізге көмектес!» - деп айқайлады.

Иса: «Діни қызметкерге барыңдар. Ол сендерді көрсін» - деді.

Осыны айтып, Иса оларды діни қызметкерге, ғибадатхана жиналыстарын басқаратын діни қызметкер әрі беделді дәрігер деп саналатын адамға жіберді.

Тек діни қызметкер ғана бұл адамдарға олардың таза және дендері сау екендігі туралы куәлік бере алатын еді.

Он алапес тез арада діни қызметкерге барды. Жолда олар ерекше өзгерісті сезді.

Олар өздерінің сау екенін байқады:

Алапеспен ауыратындар: «Біз сауығып кеттік! Теріміз қайтадан сау болып көрінеді!» - деді.

Олардың бірі бұрылып, Иеміз Исаға қайта жүгірді. Оған жүгіріп келіп, Оның алдына тізерлеп отырды.

Алапес: «Ием, денсаулығымды қайтарғаныңыз үшін рахмет! Сізге алғысым шексіз!» - деді.

Иса бұл бақытты адамға қарап, таңдана сұрады:

Иса: «Мен он адамның бәрін де сауықтырдым ғой? Қалған тоғызы қайда? Маған алғыс айту үшін тек біреуі ғана оралды ма?»

Расында, оннан біреуі ғана Исаға шүкіршілік етті!

Ал балалар сендер ше? Бүгін Исаға не үшін алғыс айта аласыңдар?


Рөлдер: Баяндаушы, екі алапес адам, Иса

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 01:51 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)