STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 126 (So close – and yet so far)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

126. Өте жақын – бірақ әлі де алыс


Жігіт: «Менің өміріме бір нәрсе жетіспейді. Не екенін білмеймін. Бірақ маған бұл өте қажет. Мен өмірдегі ең маңызды нәрсеге қалай ие бола аламын?»

Бай жігіттің өміріне бір нәрсе жетіспеді. Бірақ оны ешкім байқамады. Ол табысты, сымбатты және өте бай жігіт болды.

Сонда да оған бір нәрсе жетіспеді. Және ол мұны түсінді. Мүмкін сендер де өз өмірлеріңде бұл жетіспеушілікті сезінетін шығарсыңдар? Ол тыныштық таба алмады. Өмірдегі ең маңызды нәрсеге қалай қол жеткізуге болады? Бұл сұрақтың жауабын Иса білетін шығар.

Жігіт: «Ізгі Ұстаз! Мәңгілік өмірге ие болу үшін не істеуім керек?» - деп сұрады.

Оған жетіспейтіні осы болатын! Бұл жерде Исаға сенуден басталып, өлгеннен кейін көкте жалғасатын мәңгілік өмір. Жас жігітке осы керек еді.

Иса: «Егер мәңгілік өмірге ие болғың келсе, өсиеттерді орында: ұрлама, неке адалдығын бұзба, өтірік айтпа, өлтірме, әке-шешеңді құрметте».

Жігіт: «Мен бұл өсиеттерді өмір бойы ұстанамын».

Балалар, сендер де осылай жауап бере аласыңдар ма?

Иса: «Онда қолыңдағы бар мал-мүлкіңді сатып, түскен ақшаны кедейлерге таратып бер. Сонан соң Маған келіп, соңымнан ер!»

Бұл сөздерді естіп, жас жігіт қатты қапаланды, өйткені ол өте бай еді. Көңілі түсіп, ол кетіп қалды. Оған Иса мен мәңгілік өмірден гөрі ақша маңыздырақ болып шықты.

Қыз: «Адам бай болып Исаның соңынан ере алмайды ма?»

Әрине ере алады. Сұрақ, бұл адам үшін ненің маңызды болуы. Тәжірибе жасап көрейік.

Қыз: «Ал бізге шам не үшін қажет?»

Шам Исаны еске түсіреді, өйткені Иса - әлемнің Жарығы.

Бала: «Мен оны жаға аламын ба?» (жанып жатқан сіріңкенің дыбысы)

Қыз: «Қандай әдемі жанып тұр!»

Шамның алдына жүз долларлық ақшаны қойсам не болады?

Қыз: «Ақша жарықты жасырады».

Бала: «Түсінікті! Бай үшін ең маңыздысы ақша болды, содан кейін Иса болды».

Қыз: «Ақша оны Исадан ажыратты».

Бәрі басқаша аяқталуы мүмкін еді. Қазір мен ақшаны шамның артында ұстаймын.

Бала: «Енді Исаны ештеңе жасыра алмайды, тіпті ақшаға жарық түсіп тұр».

Балалар, барлығының өз орнында болуы қаншалықты маңызды екенін түсіндіңдер ме? Бай жігіттің өмірінде ақша бірінші орында тұрды. Сондықтан, біздің білуімізше, ол өзін көктегі мәңгілік өмірден айырды.

Оның оқиғасы соншалықты қайғылы түрде аяқталғаны өте өкінішті!

Сендердің Исамен бірге өмірлерің бақытты аяқталады деп үміттенемін. Менің өмірімде ештеңе Исаның орнын басып, бірінші орында тұрған жоқ па? – деп анда-санда өздеріңнен сұрап тұрыңдар.


Рөлдер: Баяндаушы, жігіт, Иса, қыз, бала

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 25, 2023, at 07:10 AM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)