STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 092 (A man-eating tiger 4)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

92. Адам жейтін жолбарыс 4


Сахиб Грабб: «Рингу, саған не болды? Соншама нені уайымдап тұрсың?»

Рингу: «Сахиб, біз жолбарысты аулауға барамыз. Адам жейтін жолбарыс біздің ауылда кезіп жүр».

Сахиб Грабб: «Сен де аң аулауға барасың ба?»

Рингу: «Иә! Бірақ маған жолбарыс немесе зұлым рухтартар шабуыл жасаса, менімен не болады?»

Сахиб Грабб: «Сені құтқара алатын бір Адам бар. Ол барлық күш пен биліктің Иесі. Оның қолынан бәрі келеді. Ол барлық зұлым рухтардан да күшті. Ол - Иса! Киелі кітапта, Оның бізді зұлым рухтардың күшінен құтқару үшін келгені туралы айтылған».

Рингу: «Иса шынымен де олардан күштірек пе?»

Сахиб Грабб: «Иә, әлдеқайда күшті!»

Рингу: «Мен де сен сияқты Оған сенгім келеді».

Рингу өзінің Исаға мұқтаж екенін анық түсінді. Ол дұға етіп, Исаны жүрегіне шақырды. Ол көзге көрінбейтін Құдайға сиынды және Исаның оны естігеніне сенімді болды.

Сахиб Грабб: «Рингу, жолбарысты аулаған кезде де Исадан әрқашан көмек сұрасаң болады».

Бірнеше сағаттан кейін аңды аулайтын уақыт келді. Ер адамдар мылтықтарын алды, ал Рингу қол шамды алды. Олар тоғанның жанындағы ескі ағашқа үнсіз көтеріліп, шыдамдылықпен жолбарысты күтті. Рингу үнсіз дұға етті.

Рингу: «Тәңір Иса, мен Сенен өтінемін, жолбарыс енді адамдарды өлтірмеуі үшін, бізге оны өлтіруге көмектесші. Қараңдар, бірдеңе қозғалып жатыр».

Рингу әкесінің қолын мықтап ұстап алды. Оған тыныс алу қиын болды. Жолбарыс өлген бұқаның қасына барып, оны ашкөздікпен жей бастады. Кенеттен аң жоғарыға қарады, содан кейін бәрі өте жылдам болды (оқ атылды).

Әкесі: «Сұмдық! Мен оған тигізген жоқпын!»

Ер адам: «Абайла! Ол осы жерге келе жатыр! Қазір ол бізге қарай секіреді!»

Әкесі: «Рингу, оның көздеріне қол шамын жарқырат. Тезірек, ол ештеңе көрмей қалсын!»

Рингу: «Көмектесіңдер! Қол шамы өте әлсіз. Тәңір Иса, мен не істеуім керек?»

Рингу бар күшімен қол шамды жерге лақтырып жіберді. Жолбарыс жарыққа қарай секірді. Сол кезде оқ естілді.

Жолбарыс қайтадан секірді, содан кейін жерге құлап, биік шөптің арасында дірілдеп жатты. Ол жараланды. Рингудың әкесі мылтығын оқтап, оның құлағын басты (оқ атылды), қауіпті аң құлап түсіп, өлді.

Барлығы жеңіл тыныс алды, ал Рингу үнсіз дұға етті.

Рингу: «Құдайым, менің Саған деген алғысым шексіз! Сен бізге көмектестің!»

Құдай ешкімді қалдырмайды. Ал балалар, сендердің өмірлеріңде Исамен бірге қандай оқиғалар болды?

Маған хат жазып, өздеріңнің дұғаларыңа Оның қалай жауап бергенін айта аласыңдар.


Рөлдер: Баяндаушы, Рингу, Сахиб Грабб, әкесі, ер адам

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 02:12 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)