STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 089 (Ringu at the bull race 1)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

89. Рингу бұқалар жарысында 1


Үндістанның бір кішкентай ауылында Рингу есімді бала өмір сүрді. Сол күні Рингу бұқаларды жекті, ал оның ата-анасы күймеге отырды.

Рингу: «Мініп ал, Батту, біз кетіп бара жатырмыз».

Батту: «Алақай, біз базарға барамыз!»

Рингу: «Сосын біз бұқалардың ұлы мерекесін тойлаймыз!»

Батту: «Рингу, бұл өте қызық! Сен жарыста жеңесің бе?»

Рингу алдында отырып, бұқаларды басқарып отырды. Ол қатты қобалжыды. Жол джунглинің арасынан өтетін. Адамдар бұл жерде жолбарыстар, тіпті зұлым рухтар өмір сүретінін айтқан!

Батту: «Тезірек, Рингу, тезірек!»

Рингу: «Қызық, біз шетелдіктерді көреміз бе? Білесің бе, бір ақ түсті адам бар. Ол мейірімді Құдай туралы әрқашан айтып жүреді».

Қалада елестету мүмкін емес әбігерлік және қатты шу орын алды. Олар қалаға келгенде, арбадан бірінші болып Рингу секіріп түсті.

Рингу: «Ай! Ай! Аяғым!»

Баланың өкшесіне үлкен тікен кіріп кетті. Ол тістеніп тұрып, тікенді жұлып алды да, әке-шешесінің соңынан ерді. Әкесі азық-түлік сатып алып жатқанда, Рингу жасырын түрде бір бананды ұрлап алды. Ол мұның дұрыс емес екенін білді, бірақ бәрі де ұрлайды, мен неге ұрламаймын деп ойлады.

Жақын жерде әсем әуен ойнап тұрды, Рингу сол жаққа жүгіре жөнелді, кенеттен ол бір адаммен соқтығысып қалды. Ер адамның қолынан қағаздар түсіп кетті. Бұл шетелдік еді. Рингу қашып кетпек болды, бірақ оны ер адам тоқтатты.

Елші қызметкер: «Бір минут күте тұршы, досым, мен саған мына парақшаны бергім келеді. Бұл Құдайдан келген хат. Онда Оның сені қалай жақсы көретіні туралы оқисың».

Рингу қағазды тез қолына алып, оны қалпағына салды.

Осы кезде әуен тоқтап қалды. Кішкентай органда ойнаған сазгер, аспабын қойып, халыққа сөйлей бастады.

Панду: «Менің есімім Панду. Мен зұлым рухтарға құрбандық шалып, бұқаларға табынатынмын. Бірақ қазір мен тірі Құдайды танып, Оған қызмет етемін. Ол – шынайы Құдай!»

Рингу бұл сөздер туралы ойланып қалды. Келесі күні таңертең, оны барабандардың дауыстары оятып жіберді. Аяғы қызарып, ісіп кеткенін көріп, ол қатты шошып кетті. Әкесі емшіні шақырды. Емші Рингуға жақындағанда, бала қорқыныштан дірілдеп кетті. Емші жараға бұрыш сеуіп, оның құлағына үрледі. Рингу айқайлады.

Рингу: «Ай! Ай!»

Мұндай емдеуден ол қалайша сауығып кетпек? Сол кезде жарыс басталды. Сұмдық азапқа қарамастан, Рингу тізгіндерді тартып алып, күлуге тырысты.

(оқ атылды)

Бұқалар жүгіре бастады, көрермендер қатты айғайлады. Рингу ауырғанынан тағы айқайлап, арбаның артынан жүгірді. Ол сүрініп қалды және...?

Ары қарай не болғанын келесі бөлімде білетін боласыңдар.


Рөлдер: Баяндаушы, Рингу, Батту, елші қызметкер, Панду

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 02:12 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)