STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 073 (Shock in the classroom 1)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

73. Сыныптағы күйзеліс 1


Демалыс күндері аяқталды. Қандай өкінішті! Американдық «Оук Три» мектебінің оқушылары оқу жылы қызықты болады, деп ойлады. Бұл оқиға көп жылдар бұрын болған. Оқушылар шағын топтарға бөлініп мектептің сыртында тұрды. Олардың киімдері ескі сәнділеу болып көрінді, бірақ сол кезде бәрі солай киінетін. Олар мақтанғанды жақсы көретін. Әсіресе Джим. Ол не айтса да, сыныптастары онымен келісетін.

Джим: «Тыңдаңдар! Жаңа мұғалім келіп, өзін маңызды етіп көрсете бастағанда, біз оған көресіні көрсетеміз! Дәл алдынғы үш ұстазымыз сияқты, ол да бізден тез қашып кетеді!»

1-ші оқушы қыз: «Біз сондай мойынсұнғыш және тәртіпті болсақ та, бізге ешкім шыдай алмайды». (бәрі күледі)

2-ші оқушы қыз: «Иә, міне, ол келе жатыр! Сыныпқа кеттік!»

1-ші оқушы қыз: «Оны мектебімізге қандай жел айдап әкелді екен?»

2-ші оқушы қыз: «Директор бұл жерге, оны Құдай жіберді, деп айтты».

Джим: «Бірақ біз оны тез қашып кетуге мәжбүр етеміз!» (бәрі күледі)

(қоңырау соғылады)

Қоңырау соғылды. Джим мен оның достары артқы қатарда отырды. Олар бұдан әрі не болатынын білуге асықты. Мұғалім сыныпқа кірді. Ол барлық оқушыларға нәзік көздерімен қарады.

Мұғалім: «Қайырлы таң ұлдар мен қыздар. Биылғы жылы, біз жақсы қарым қатнаста болуымыз керек. Егер біз оқу жылын жақсы өткізгіміз келсе, онда оны жақсы бастауымыз қажет. Орнымыздан тұрып дұға етейік».

Дұға етеміз бе? Оқушылар таң қалды. Джим абдырап орнынан тұрып, дұға үшін қолын жайды.

Мұғалім: «Тәңір Иса, осы жылы барлығымыз бірге жақсы еңбектенуге және бір-бірімізбен жақсы қарым-қатынаста болуға көмектесе гөр. Әрбір оқушы үшін, Саған алғысымды білдіремін және олардың әрқайсысы Сені тануын тілеймін, өйткені Сен олардың әрқайсысын жақсы көресің. Әумин».

Оқушылар не болғанын түсінбеді. Бірақ мұғалімнің дұғасы олардың жүрегін елжіретіп жіберді. Мұғалім олардың Исаны білуін қалады, өйткені Иса оларды жақсы көреді. Олар мұндай сөздерді ешқашан естімеген. Олардың бұл сөздер туралы жеткілікті түрде ойлануға уақыты болмады. Олар есін жиып үлгермей жатып, тағы бір «соққыны» бастарынан өткізді. Ары қарай не болғанын, келесі шығарылымда айтып беремін.


Рөлдер: Баяндаушы, Джим, екі оқушы қыз, мұғалім

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 02:08 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)