Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 072 (Sensation on the sea)
72. Теңіздегі сенсация
Ғалилея теңізінде бұрын-соңды болмаған оқиға болды!
Петір: «Мен Исаға қайран қаламын. Мен бұған тіпті сене алар емеспін: бес бөлке нан мен екі балықпен, Ол әйелдер мен балаларды есептемегенде 5000 еркекті тамақтандырды! Және барлығы тойғанша жеді!»
Шәкірт: «Қаншама нанның қалғанын көрдің бе? Нан мүлдем бітпеген сияқты!»
Петір: «Бұл керемет! Ол аз нәрседен көп нәрсе жасай алады!»
Иса, теңдесі жоқ Құдайдың Ұлы! Ол аз нәрседен көп нәрсе істей алады!
Бұл керемет барлығына терең әсерін қалдырды. Кешке адамдар үйлеріне қайтты. Иса шәкірттеріне былай деді:
Иса: «Қайыққа мініп, арғы бетке жүзіп барыңдар».
Исаның Өзі қайыққа мінбей, дұға ету үшін тауға шықты.
Шәкірттері түнде Исасыз жүзіп жүрді. Кенеттен дауыл көтерілді. Балықшылар желкендерін түсірді. Бірінші толқын қайықтың бүйіріне соғып үлгерді. Иса бізбен бірге болғанда ғой, - деп олар ойлады. Олар қорыққанынан айқайлады. Бірақ олардың жағдайлары одан сайын қиындай түсті.
Петір: «Ана жаққа қараңдар! Көрдіңдер ме? Елес!»
Шәкірт: «Мен бұдан әрі шыдай алмаймын!»
Аппақ сұлба судың үстімен жүріп, олардың қайығына қарай бет алды. Шәкірттер одан бетер айғайлады. Бірақ бұл мүлде елес емес болып шықты.
Иса: «Үрейлерің ұшпасын, бұл Менмін! Қорықпаңдар!»
Шәкірттері Исаның таныс дауысын таныды. Бірінші болып Петірдің Онымен сөйлесуге батылы барды.
Петір: «Ием, Иса, егер бұл Өзіңіз болсаңыз, онда маған су бетімен қасыңызға баруға бұйырыңызшы».
Иса: «Кел!»
Петір қайықтан шықты да… керемет болды! Ол су үстімен Исаға қарай беттеді. Ол Исаға қарағанша, бәрі жақсы болды. Бірақ толқынға қараған бойда ол бірден суға бата бастады.
Петір: «Ием, мені құтқара көріңіз! Маған көмектесіңіз!»
Иса қолын созып, Петірді судан алып шықты. Ол Өзінің шәкіртін құтқарды.
Иса, теңдесі жоқ Құдайдың Ұлы! Ол құтқарады!
Иса: «Маған арт сеніміңді. Маған бүкіл жүрегіңді бер!»
Петір Исамен бірге қайыққа мінді. Дауыл басылып, жел тоқталды. Барлығы Исаның алдында тізе бүгіп, құдіреті шексіз Тәңірге иіліп тағзым етті.
Петір: «Сіз шынымен де Құдайдың Ұлысыз!»
Иса, теңдесі жоқ Құдайдың Ұлы! Ол үшін мүмкін емес ештеңе жоқ!
Ол бізден судың үстімен жүруді талап етпейді. Бірақ біз қайда жүрсек те, Исамен бірге жүруіміз керек. Сонда Ол бізге дұрыс жол көрсетіп, кез келген жағдайда көмектеседі.
Рөлдер: Баяндаушы, Петір, шәкірт, Иса
Авторлық құқықтар: CEF Germany