Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 071 (The cast-your-cares hint)
71. Мазасыздықтан қалай арылуға болатыны туралы кеңес
Бізде ешқандай уайым-қайғы және қиындықтар болмаса, қандай керемет болар еді!
Қыз: «Мен жер бетінде ешқандай соғыстың болмағанын қалаймын».
Бала: «Және бақытсыз оқиғалар мен қатерлі ісіктер болмаса екен...»
Қыз: «Және бірде-бір ата-ана ажыраспаса екен».
Бала: «Мен ешбір бала немесе қыз аш болмаса деп тілеймін».
Егер бәрі дәл осылай болғанда, қандай тамаша болар еді!
Кейде мен де бұл туралы армандаймын. Балалар, сендер де бұл туралы армандайсыңдар ма? Өкінішке орай, бұл дүниеде мұндай тілектер ешқашан орындалмайды.
Бірақ осының бәріне қарамастан, мен сендерге жақсы жаңалық айтайын: сендерді ешқашан қиындықта қалдырмайтын Біреу бар. Ол Иса! Мен мұны қайдан білемін? Петірден білемін.
Киелі кітапта Петірдің хаттары, яғни оның хаттар жинағы бар, және олардың бірінде былай жазылған: «Барлық уайымдарыңды Құдайға сеніп тапсырыңдар, себебі Ол қамдарыңды ойлайды!»
Петір үшін бұл жай ғана сөздер емес еді. Өйткені Петір өз тәжірибесінен жазды. Бір күні оның қайын енесі қатты ауырып, қызуы көтеріліп, төсекке жатып қалды. Оған ешқандай дәрі көмектеспеді. Петір мен оның әйелі үмітсіздікке ұшырады.
Иса оларға қонаққа келгенде, олар Оған өздерінің уайымдарын айтты.
Петір: «Иса, бізге көмектес! Менің қайын енем қатты ауырып жатыр, біз оның жағдайына қатты алаңдаймыз».
Иса біздің барлық уайымдарымызды біледі: үлкен уайымды да және кішігірім уайымды да, Ол бізді түсінеді және ықыласпен көмектеседі.
Киелі кітапта, Исаның науқас әйелдің төсегінің жанына барып, оның қолынан ұстап, орнынан тұруға көмектескені айтылады. Қызуы бірден басылып, ол өзін жақсы сезініп қалды. Қуанғанынан ол бірден барлығына дәмді тағам әзірлеуге кірісті.
Балалар, сендерде уайымдар болып тұра ма? Олар туралы Исамен сөйлесіңдер. Ол сендердің дұғаларыңды естиді. Мүмкін Ол сендерге, Петірге сияқты бірден емес, бірақ біраз уақыттан кейін көмектесетін шығар. Қалай болғанда да, сендер сенімді бола аласыңдар - Тіпті кейде Оның жауабын ұзақ күтуімізге тура келсе де, Иса ешқашан кешікпейді.
Және әрқашан Петірдің керемет кеңесін есте сақтаңдар.
Петір: «Барлық уайымдарыңды Құдайға сеніп тапсырыңдар, себебі Ол қамдарыңды ойлайды!»
Рөлдер: Баяндаушы, қыз, бала, Петір
Авторлық құқықтар: CEF Germany