STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 070 (It's worth it)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

70. Бұл тұрарлық іс


Петір: «Қандай өкінішті! Түні бойы балық аулап, бірде-бір балық ұстай алмадық!»

Түнге созылған жеміссіз еңбектен кейін, көңілсіз балықшылар қайықты жағаға шығарды. Енді оларға ауларын жөндеп, тазалау керек болды.

Кенеттен Ғалилея теңізінің жағасына көптеген адамдар жиналды. Иса келді! Халық Оның сөзін тыңдағысы келді. Өйткені Оның сөздері оларды рухтандырып, күш берді. Адамдар Исаның айналасына жиналып, сыймай, бір-бірін итеріп жатты. Исаға сөйлеу қиын болды.

Иса: «Петір, Мен сенің қайығыңа мінсем бола ма? Қайықты жағадан итеріп жіберші».

Енді бәрі Исаны жақсырақ естіп, көре алатын болды. Иса уағыз айтып болған соң, Петірге қарады.

Иса: «Петір, енді балық аулауға барайық! Көлдің терең жеріне жүзіп барып, балыққа ау сал».

Мен сол сәтте Петірдің жүзін көрсем ғой. Ол таң қалған болуы керек. Қазір ме? Балық аулаймыз ба? Бірақ күндіз көлдің беті қызып, балықтар түбіне қарай жүзіп кетеді ғой. Күндіз балықты ұстау мүмкін бе? Петір тәжірибелі балықшы. Ол күндіз ауларды тастаудың пайдасы жоқ екенін нақты біледі.

Петір: «Ұстаз, біз түні бойы еңбектеніп, түк ұстай алған жоқпыз».

Біз Исаға өзіміздің сәтсіздіктерімізді айта аламыз.

Петір: «Бірақ Сіз айтқан соң ауларды тағы да салып көрейін».

Жарайсың Петір! Ол өзін бәрін білемін деп санаған жоқ. Ол Исаға мойынсұнып, үлкен сыйға ие болды. Ол басқа балықшылармен бірге жағадан жүзіп кетіп, ауларын тастады. Және бір керемет болды! Олардың балықты көп ұстағаны соншалықты, аулары жыртыла бастады.

Петір: «Жохан, Жақып, көмектесіңдер! Біз мұны өз күшімізбен жасай алмаймыз!»

Олар достарын көмекке шақырып, екі қайықты да балыққа толтырды. Балықтың көп болғаны сонша, қайықтары ауыр жүктен суға батып кете жаздады.

Иса Петірге қатты әсер етті. Петір Исаның қаншалықты ұлы екенін енді түсінді.

Петір: «Ием, қасымнан кете көріңіз, мен күнәкар адаммын!»

Исаның Петірді тастамай, кешіргені қандай керемет болды.

Біз Оның алдында күнәларымызды мойындаған кезде, Ол біздің әрқайсымызды да солай кешіреді.

Иса: «Қорықпа, Петір. Сен балық аулағаның сияқты бұдан былай адамдарды жинап әкелетін боласың».

Иса Петірге жаңа жұмыс берді. Петір Иса үшін адамдарды жинай бастады. Исаның суперқаһармандарды ғана емес, сонымен қатар Петір сияқты, Оның сөзін тыңдайтын және Онымен бірге өмір сүруді - үлкен мәртебе деп санайтын, қарапайым адамдарды да шақырғаны қандай керемет!


Рөлдер: Баяндаушы, Петір, Иса

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 02:07 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)