STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 035 (Rendezvous in Jerusalem)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

35. Кездесу орны - Иерусалим


Халық Иерусалимге барлық жақтан ағылып келіп жатты. Көбісі Алғашқы өнім мейрамына алыстан және басқа елдерден келді. Мыңдаған адамдар қала көшелерімен жүрді. Сол күні Тәңір Исаның шәкірттері бірге дұға ету үшін бір үйде жиналды. Кенеттен олар қатты жел соққандай шу естіді. Бұл шу көшеде де естілді. Бұл не шу болды екен?

Бір әдеттен тыс жағдай болды. Шәкірттердің әрқайсысының басына бір-бірден жалаңдаған тілдер қонды. Қызық, бұл кереметтер нені білдіреді?

Бұл керемет оқиғалар Исаның уәде еткен сыйы болды. Ол шәкірттеріне Киелі Рухты берді. Ол Өзінің достарын ұмытқан жоқ. Киелі Рух арқылы Иса әрқашан Өз ұлдары және қыздарымен бірге болады. Киелі Рух – Жұбатушы, Кеңесші және Көмекші. Ол арқылы Құдайдың балалары көктегі Исамен әрқашан қарым-қатынаста болады.

Халық таңғалып сол үйдің алдында тоқтап қалды.

Ер адам: «Бұл нені білдіреді?»

Шәкірттер қуанғаннан халыққа Иса туралы айта бастады. Елестетіп көріңдерші, олардың сөздері басқа елден келген қонақтарға да түсінікті болды. Сол жердегі әрбір адам Исаның достары өз ана тілдерінде сөйлеп жатқанын естіді. Олар бұрын ешқашан білмеген тілдерде сөйледі. Бұл кереметтердің барлығын Иса жасады!

Кейбіреулер оларды мазақ етті:

Мазақтаған адам: «Міне, қызық! Олар әбден мас болып қалыпты! Олар тіпті таңертеңнен ішіп алыпты».

Сонда Петір халыққа былай деді:

Петір: «Жоқ, біз мас емеспіз. Құдай уәдесін орындап, бізге Өзінің Киелі Рухын жіберді».

Ол халыққа Исаның қалай өліп, қалай қайта тірілгені туралы және қазір Оның көкте екенін батылдықпен айтып берді.

Ер адам: «Жақында ғана Исадан бас тартқан Петір осы емес пе?»

Әйел: «Иә, дәл соның өзі. Бірақ ол енді Иса туралы айтуға қорықпайды. Ол мүлдем өзгерді».

Құдай Киелі Рухтың күшімен Петірді батыл куәгер етті. Ал Петірдің сөздері адамдардың жүрегіне тікелей бағытталды.

Ер адам: «Енді біз не істеуіміз керек?»

Әйел: «Біз өмірімізде қаншама жамандық жасадық!»

Петір: «Тәңір Исаға сеніңдер, сонда Құдай сендерді кешіреді және сендер Киелі Рухты қабылдайсыңдар».

Бұл шақыруға 3000 адам жауап берді. Олар дұғада Исаны жүректеріне шақырып, құтқарылды. Осы Елуінші күн мейрамынан кейін шәкірттер жаңа үлкен қуанышқа кенелді.


Рөлдер: Баяндаушы, мазақтаған адам, Петір, ер адам, әйел

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 01:58 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)