Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 167 (Super idea, Aunt Margret 5)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

167. Маргарит апке, бұл керемет ой 5


Рут пен Филип Терриге сыйлықтарды орап, жолға шықты. Олар cыйлықтарды көрген науқас досының қалай таңғалатынын елестетті.

Олар орманда Терридің анасын кездестірді. Ол жолда жылап жүрді. Рут оны жұбатуға тырысып, оны сүйіспеншілікпен іздейтін және оған көмектесуге дайын Ізгі Бағушы, Иса туралы айтып берді.

Филип: «Біз сізге осыны әкелдік (тиындардың дыбысы). Барымыз осы. Бұл ақшаға Терриге сүт сатып алсаңыз болады».

Анасы: «Сендерге көп рахмет, сендер өте мейірімдісіңдер. Ал енді барыңдар, Терри сендерді күтіп жатыр» (қадамдардың дыбысы).

Филип: «Рут, сен менің барлық ақшамызды бергеніме ашуланып тұрсың ба?»

Рут: «Жоқ, мен ашуланып тұрған жоқпын. Ізгі Бағушы да айқышта біз үшін құрбандық ретінде бүкіл өмірін берді. Біз де сараң болмауымыз керек».

Терри сыйлықтарға өте қуанып қалды. Алайда, бұл күні ол қатты қайғырды, тіпті сыйлықтар да оның көңіл-күйін көтере алмады.

Терри: «Дәрігер менің сауығып кетпейтінімді айтты. Өлгенім жақсы болады, өлгім келеді».

Филип пен Рут Құдайдың олардың дұғаларын естігеніне күмәнданып қалды. Құдай неге керемет жасамады?

Кешке олар күйзеліспен үйлеріне оралды. Маргарит апке қонақ бөлмесін жақсы жинап қойған еді.

Маргарит апке: «Балалар, Терри мен оның анасын бізбен бірге тұруға шақырсақ, не айтасыңдар?»

Рут: «Тамаша! Бұл керемет ой!»

Терри жедел жәрдем көлігімен әкелінді. Бөлме оған өте ұнады. Оның төсегі терезенің жанына қойылды.

Терри: «Қандай тамаша!»

Сосын Терри қабырғадағы суретке қарай бастады. Ізгі Бағушы Иса жоғалған қозыға қолын созып, оны құтқарғысы келді.

Терри: «Рут, менде жоғалған қозыны ұстап тұрған Бағушының суреті болғанын қалаймын».

Қауым жетекшісі, Робинджер мырза, балаға тура сондай суретті әкелді. Сол суретте көптеген қой болды. Иса алдында жүріп, бір қозыны қолына алып жүрді.

Терри: «Ол оны қайда апарып жатыр?»

Қауым жетекшісі: «Үйіне».

Терри: «Ал оның үйі қайда?»

Қауым жетекшісі: «Иса Иеміздің үйінде. Жылау да, қиналу да жоқ жерде».

Терри: «Қиналу жоқ жер ме? Барлығы сонда барады ма?»

Қауым жетекшісі: «Ізгі Бағушыға тиесілі адамдардың барлығы барады».

Терри: «Мен де Оған тиесілі болып, Оның үйіне барғым келеді!»

Терри суретті қолына ұстап, дұға етті. Сосын ол ұйықтап қалды.

Ал бұл не болды екен? Түннің ортасында үйде қадамдардың дыбыстары естіліп жатты ма?

Бұл туралы келесі бөлімде білетін боласыңдар.


Рөлдер: Баяндаушы, Филип, Рут, анасы, Терри, қауым жетекшісі, Маргарит апке

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 25, 2023, at 12:34 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)