Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 166 (Does Terry have to die 4)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

166. Терри өледі ме 4


Филип: «Рут, қалай ойлайсың, Терри өледі ме?»

Рут: «Жоқ. Мен Исадан оның сауығып кетуін сұрадым».

Филип: «Мен де, бірақ Иса мені естіді ме, әлде жоқ па, соны білмей тұрмын».

Рут: «Егер сен Ізгі Бағушының қойларының бірі болсаң, Ол сені әрқашан да естиді».

Филип: «Мен қалай Оның қойы бола аламын?»

Рут: «Оның баласы болғың келетінін Оған айт».

Рут ағасына қауым жетекшісі берген, Ізгі Бағушының суретін көрсетті.

Филип суретке ұзақ қарап қалды.

Филип: «Иә, мен мұны қалаймын. Сен шыға аласың ба? Мен Оған өзім дұға еткім келеді».

Бірнеше минуттан кейін, Рут ағасының жарқырап тұрған жүзбен шыққанын көрді. Енді ол Исаға тиесілі. Олардың қуанышына Терриден келген хат қосылды. Ол былай жазды:

«Құрметті Филип, қымбатты Рут, мен ауруханадан шықтым. Маған қонаққа келіңдер. Мен Уилден орманында, су жағасындағы, қайыңнан жасалған лашықта тұрамын, Терри».

Су жағасындағы қайың лашық? Сонда олардың досы әлгі тозығы жеткен лашықта тұрады ма?

Филип есікті ақырын қақты (есікті қағады).

Анасы: «Сендерге не керек?»

Рут: «Бізді Терри шақырды».

Анасы: «А, сендер Терри апатқа ұшырағанда, оның қасында болған балаларсыңдар ма? Кіріңдер!»

Терри төсекте қимылсыз жатты. Ол өте арық және түрі бозарған еді. Достарын көргенде, ол жылап жіберді. Филип пен Рут не айтарын білмеді. Оның бөлмесі өте қараңғы және дымқыл болды.

Терри қиналып, қатты ауырып жатты. Түскі асқа ол бір кесе шай мен бір үзім нан жеді. Филип пен Рут досының соншалықты кедей екенін елестете алмады.

Олар үйге оралып, Маргарит апкеге бәрін айтып берді. Және олар Терриге күнде баруды шешті.

Филип: «Мен оған орманды салған сурет дәптерімді апарамын».

Рут: «Ал мен оған бір дорба алма мен Ізгі Бағушы туралы жазылған Киелі кітапты апарамын».

Филип: «Жинаған ақшамыздан оның анасына бес доллар берейік. Ол Терриге сүт сатып алсын».

Рут: «Мүмкін, үш доллар жеткілікті болар?»

Филип: «Барлық ақшаны өзімізбен бірге алайық, қанша беретінімізді жолда шешеміз».

Олар дәл солай істеді.

Балалар, олар орман ішімен бара жатқан жолда кімді кездестіргенін білесіңдер ме?

Бұл туралы толығырақ – келесі бөлімде.


Рөлдер: Баяндаушы, Филип, Рут, анасы

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 25, 2023, at 12:32 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)