Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 116 (Bill's special Christmas tree)
116. Мақсаттың ерекше мерекелік шыршасы
Мақсат: «Сұмдық! Шыршалардың барлығы сатылып кетіпті. Анашым, біз тым кешігіп қалдық!»
Анасы: «Мен күте тұрсақ, шыршаны арзанырақ сатып алармыз деп ойладым. Бізде ақша аз, сен оны білесің ғой».
Мақсат: «Кеше Айнур шырша үшін дұға еткен. Енді ол да, басқа апа-сіңлілер де қатты мұңайып қалады».
Мақсат әкесі туралы ойлады. Олардың әкелері тірі болғанда, олар әрқашан да шыршаны алдын ала сатып алып тұратын. Әкесіз бәрі мүлдем басқаша болды.
Анасы: «Мақсат, қарашы, міне шырша. Сәлеметсіз бе, бұл шырша қанша тұрады?»
Ер адам: «Мен оны сатпаймын. Мен оны балаларым үшін қалдырдым. Егер бүгін шыршаны үйге әкелмесем, олар қатты ренжіп қалады. Туылу мейрамы құтты болсын!»
Ер адам кетіп қалды. Мақсат пен оның анасы жерден бірнеше бұтақтарды алып, оларды үйге апарды. Есік алдында оларды төрт қыз - Мақсаттың әпкелері қарсы алды.
Қыз: «Шыршаны алып келдіңдер ме?»
Анасы: «Өкінішке орай, әкелген жоқпыз».
Барлығы үнсіз дастархан басында отырды. Сол күні кешке, тамақ ішер алдында дұға ету кезегі Айнурға тиді.
Айнур: «Құрметті Иеміз Иса, мен Сенен шыршаны сұрадым. Сен мені естімедің бе? Білмеймін... Ештене етпейді, енді тым кеш. Бүгін кешкі асқа тамақ бергенің үшін Саған рахмет. Әумин».
Кейінірек, апа-сіңлілері төсекке жатқанда, Мақсатқа бір ой келді. Ол қаламсап пышағын алып, сыпырғышта тесіктер жасап, сол тесіктерге шыршалардың бұтақтарын салды. Құлап қалмай, тіке тұруы үшін, ол сыпырғышты құм шелекке салып қойды. Содан кейін ол сыпырғышты қоңыр қағазбен орады.
Анасы: «Мақсат, әдемі шырша болып шықты! Жарайсың! Мен ойыншықтар әкелемін, оны безендіреміз, және үстіне періштені қоямыз. Бұл қыздарға өте ұнайтын болады».
Айнур бұған өте бақытты болды.
Айнур: «Мақсат, бізде мұндай әдемі шырша ешқашан болған емес! Бұл – Исаның менің дұғама берген жауабы!»
Балалар аналарының қасында отырып қуанды, анасы оларға Туылу мейрамы туралы әңгімені оқи бастады.
(парақтардың аударылған дыбысы)
Анасы: «Мәриямның тұңғыш Ұлы дүниеге келді. Ол Оны орап, ақырға жатқызды».
Содан кейін аналары оларға Исаның айқышқа шегеленуі туралы әңгімені оқып берді. Неліктен?
Анасы: «Иеміз Исаның айқышы ағаштан жасалған еді. Ал бұл ағаш мерекелік шыршадан әлдеқайда маңыздырақ. Ақыр айқыштың қасында тұр. Тәңір Иса осы жерге біз үшін өлуге келді. Айқышсыз, Туылу мейрамының мәні болмас еді».
Рөлдер: Баяндаушы, Мақсат, анасы, ер адам, қыз, Айнур
Авторлық құқықтар: CEF Germany