Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 110 (Only 8 and already King)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

110. Небәрі 8 жаста, бірақ патша


(Әбігерлік пен қатты шу) Амон патшаға қастандық жасалды.

Амон есімі - адал және сенімді дегенді білдіреді. Бірақ ол ондай емес еді. Әсіресе ол Құдайға деген қарым-қатынаста сенімді болған жоқ. Ол ағаш пен тастан жасалған пұттарға табынды. Пұтқа табынушылық – Құдайды қорлау болып табылады.

Қызметші: «Біз оны өлтіреміз. Ол өз бөлмесінде».

(есіктің ашылғаны, шу мен айқайлар естіледі)

Амон патшаны өз қызметшілері өлтірді. Келесі патша - оның ұлы болды.

Сендер Жосия туралы естідіңдер ме? Ол небәрі 8 жасында патша болды.

Ол әкесі сияқты Құдайды қорламады. Ол Құдайды жақсы көрді.

Киелі кітапта Жосия туралы керемет сөздер айтылған: ол Құдайға ұнамды әділ істер істеді!

Сен өз өмірің туралы осылай айта аласың ба? Сен «Құдайға ұнамдыны істеймін», деген ұранды өміріңде қолдана аласың, өйткені Иса біздің Құдайға ұнамайтын барлық әрекеттерімізді кешіреді. Сен Одан кешірім сұрай аласың, Ол сені естиді.

Жосия Құдайды жақсы көрді, ол есейгенде, елдегі барлық жалған құдайларды жойды. Құдайды ренжітетін барлық нәрселер жойылды.

Ойланып көр, мүмкін сен өміріңді кейбір нәрселерден тазартуың керек шығар? Төсегіңнің астындағы немесе шкафыңдағы ұятсыз видеолар мен журналдарды және Құдайға ұнамайтын барлық нәрселерді тастауың керек шығар?

Жосия өз өмірін ретке келтірді. Ол мұны шын жүрегімен жасады, өйткені ол Құдайды жақсы көрді.

Жосия: «Ғибадатханаға қараңдаршы. Құдайдың үйі қоқыс үйіндісі сияқты! Бұл біздің Құдайымызды ренжітеді! Құрылыс материалдарын сатып алыңдар және жұмысқа кірісейік!»

(құрылыстың дыбыстары)

Діни қызметкер: «Менің не тапқанымды, қараңдар. Бұл шиыршық кітаптар ана бұрышта жатты. Оларды тезірек Жосия патшаға апарайық!»

Құдай Сөзі, Киелі кітап бұрышта, шаңның астында жатты. Осы арқылы Құдай олардың өмірінде бірінші орында болмағанын байқауға болады.

Діни қызметкер: «Жосия патша, біз бұл шиыршық кітаптарды шаңның арасынан таптық».

Жосия патша: «Оларды дауыстап оқы».

Патша Құдайды шын жүректен сүймейтін адамдарға Оның не істегенін тыңдады. Ол қатты таң қалды, сонан соң жерге отырып, жылай бастады. Ол өз халқының Құдайды сонша ренжіткеніне қатты өкінді.

Осы оқиғадан кейін көп ұзамай, Құдай Жосия патшаға былай деді:

Құдай: «Мен бұл қаланы жазалаймын. Бірақ сенің Мені жақсы көргенің үшін, саған аяушылық танытамын».

Жосия патша балалар мен ересектерді жиынға жинап, оларды Құдайды сүюге және өмірлерінде Оған бірінші орынды беруге шақырды.

Балалар, егер сендер сол жерде болғанда, патшаның айтқанын істер едіңдер ме?


Рөлдер: Баяндаушы, қызметші, Жосия, діни қызметкер, Құдайдың дауысы

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 02:17 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)