Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 111 (A promise is a promise)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

111. Уәде орындалады


1-ші жау: «Бөгеліңдер! Біз сендерді жеңдік!»

2-ші жау: «Патшаларыңның сөздеріне сенбеңдер. Ол өтірік айтады!»

1-ші жау: «Біздің патшамыз, Сеннахирим – ең мықты!»

2-ші жау: «Ха-ха, сендер жауынгер емессіңдер! Сендер әлсізсіңдер!»

1-ші жау: «Тәңірлеріңе сенсеңдер, өлесіңдер!»

Жаулар, ассурлықтар Иерусалим қаласын қоршауға алды. Олардың 200 мың әскері болды.

Қала қабырғаларындағы күзетшілер үнсіз қалды. Езекия патша мұндай әскерге қарсы тұра алмайтынын білді. Бірақ оның жаулары білмейтін бір қаруы бар еді. Әрқашан жеңіске жеткізетін қару.

Ол бұл қаруды қолында емес, жүрегінде ұстады. Бұл қару - Құдайға деген сенім. Кімде бұл қару болса, сол адам ешқашан жаудан қорықпайды.

Езекияның хабаршысы: «Езекия патша, мен Сеннахиримнен хат әкелдім».

Езекия: «Қорықпаңдар. Құдай бізбен бірге. Оған сенім артайық!»

Езекия хатты алып, дұға ету үшін ғибадатханаға барды:

Езекия: «Ием, Сен біздің Құдайымызсың. Сен жалғыз Патшасың. Барлығы Сенің тірі Құдай екеніңді көруі үшін, бізді құтқара гөр!»

Кейбіреулер, Құдайға сенген адамның өміріндегі барлық нәрсе оңай болады деп ойлайды. Бірақ Киелі кітап бұлай үйретпейді. Құдай біздің өмірімізге қиындықтар жібереді, осы арқылы Ол біздің Өзіне деген сенімімізді сынайды.

Езекия бұл сынақтан абыроймен өтті және Құдай оған былай деді:

Жаратушы Тәңір былай дейді: Мен сенің дұғаңды естідім. Жау бұл қалаға бірде-бір жебе де атпайтын болады.

Бұл рас па? Жау бірде-бір жебе атпайтын болады ма? Бұл қалай мүмкін болады?

Келесі күні бәрі мұның қалай болғанын көрді.

Ер адам: «Қараңдар! Жау жеңілді!»

Ер адам: «Барлық жерде өліктер жатыр. Жауды кім жеңді?»

Киелі кітапта, Құдай түнде періште жіберіп, періште жаудың 185 000 жауынгерін өлтіргені айтылады. Сондықтан қалаға бірде-бір жебе атылған жоқ.

Құдай не уәде етсе – Ол соны орындайды.

Киелі кітаптың 32-ші Забур жырының 4-ші аятында жазылғандай, Оған толықтай сенім артуға болады: «Өйткені Жаратқанның сөзі шынайы, Ол бар істерін адалдықпен жасайды».

Құдайдың Сөзін оқып, Оған сенім артыңдар. Құдай Езекияның заманында қандай болса, бүгін де сондай екенін өздерің көресіңдер. Ол уәде еткенінің бәрін орындайды.

Балалар, егер сендерде Киелі кітап болмаса, маған жазыңдар. Және біз сендерге Киелі кітапты сыйлық ретінде жібереміз.


Рөлдер: Баяндаушы, екі жау, Езекия, Езекияның хабаршысы, ер адам

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 02:17 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)