Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 033 (Farewell from the mountain)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

33. Тау үстіндегі қоштасу


Бала: «Алақай! Бейсенбі күні мектепке барудың қажеті жоқ. Демалыс болады!»

Қыз: «Бұл күні қандай мереке болады?»

Бала: «Иеміздің көкке көтерілуіне арналған мейрам».

Қыз: «Бұл не?»

Бала: «Шынымды айтсам, мен де білмеймін».

Сендерге түсіндіріп бергенімді қалайсыңдар ма?

Бала: «Иә, мен білгім келеді».

Иеміздің көкке көтерілу мерекесі Исаның Жердегі Өз істерін аяқтап, көкке оралғанын еске алу үшін атап өтіледі. Бұл оқиға Құтқарылу мейрамынан кейін тура қырық күн өткеннен соң болды. Осы қырық күннің ішінде Иса шәкірттеріне көп рет көрінді. Шәкірттер Оны көрді және естіді, Онымен бірге ішіп-жеді. Бір күні Ол бес жүзден астам адам жиналған жиында көрінді.

Құтқарылу мейрамынан кейін қырық күн өткеннен соң, қайта тірілген Иса шәкірттерімен Зәйтүн тауына барды. Кетер алдында Иса олармен оңаша қалып, маңызды бір тапсырманы айтқысы келді.

Иса: «Мен Құдайдың уәдесін орындадым. Енді сендер дүниенің төрт бұрышын аралап, Менің барлық адамдар үшін өліп, тірілгенімді жариялаңдар. Адамдарға ақиқатты жеткізіңдер, олар Мені Тәңір Ие ретінде өз өмірлеріне шақырып, көкте Менімен бірге мәңгі өмір сүрсін. Естеріңде болсын, Мен әрқашан сендермен боламын, Мен сендерге Өзім туралы адамдарға айтуға үнемі күш беремін», - деді.

Иса қолдарын көтеріп, шәкірттеріне батасын берді. Содан кейін, Иса көкке көтеріліп көзге көрінбей кетті, бұлт Оны көзден жасырды, Ол Құдайдың көрінбейтін әлеміне кетті.

Бала: «Иса қазір көкте не істеп жатыр?»

Ол бәріне билік етеді, дұғаларымызға жауап береді және біз үшін Құдайға сиынады.

Ол Өзіне сенетіндердің барлығы үшін көкте орын дайындап жатыр.

Қыз: «Мен бұл туралы Киелі кітаптан оқыдым. Міне... Иса былай деді: “Әкемнің үйінде тұратын орын көп... сол жерден сендер үшін орын дайындауға бара жатырмын”».

Бала: «Шәкірттері Исаның олармен бірге қалмағанына өкінген жоқ па?»

Мүлдем жоқ. Өйткені Ол оларға бір керемет уәде берді.

Бала: «Қандай уәде берді?»

Балалар, бұл туралы мен сендерге келесі шығарылымда айтамын.


Рөлдер: Баяндаушы, бала, қыз, Иса

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 01:58 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)