Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 032 (Does God answer every prayer)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

32. Құдай барлық дұғаларды естиді ме


Балалар, сендерге қандай түс ұнайды? Ирландияда Эми деген қыз бар еді, оның сүйікті түсі көк болатын. Оған көк аспан мен көк теңіз ұнады, және әсіресе оның анасының көк түсті көздері ұнады. «Көздерімнің қоңыр түсті болғаны қандай өкінішті», - деп ойлады Эми.

Эми: «Анашым, Құдай менің барлық дұғаларымды естиді ме?»

Ана: «Иә жаным, Құдай адамдардың барлық дұғаларын естиді».

Эми: «Тіпті балалардың дұғаларын да естиді ме?»

Ана: «Әрине, Эми. Ал енді ұйықтайтын уақыт келді. Қайырлы түн, қызым!»

Эми: «Қайырлы түн анашым!»

Бөлмедегі жарық сөнгенде, Эми төсегінде отырып, дұға етті:

Эми: «О, Құдайым, Сенің қолыңнан бәрі келеді. Менің қоңыр көздерімді көк ете гөрші. Аумин!»

Құдай Эмидің дұғасын естіді және ол соған сенімді болды. Қыз ұйықтап қалды.

Таңертең Эми орнынан тұрып, бірден кешегі дұғасы туралы ойлады. Ол төсектен секіріп, айнаға қарай жүгірді. Айнадан ол үлкен екі қоңыр көздерді көрді.

Эми мұңайып қалды, ол Құдай оның дұғасын естімеген шығар, деп шешті.

Сол сәтте оған біреу: «Жауап тек “Иә” емес, сонымен қатар “Жоқ” болуы да мүмкін» - деп айтқан сияқты болды.

Жылдар өтіп, Эми есейіп, Үндістанға елші қызметкер болып кетті. Эми олардың тілін үйренді, олардың тамағын жеп, солар сияқты киінді. Тіпті оларға бөтен болып көрінбес үшін, ол өз терісін қара түске боятты.

Бір күні Эминің дос қызы оған былай деді:

Дос қыз: «Эми, сенің көздерің көк емес, қоңыр түсті болғаны қандай жақсы болды. Егер сенің көздерің көк түсті болғанда, бәрі саған бөтен адамдай қарайтын еді».

Қоңыр түсті көздер? Эми бала кезінде Құдайдан оған көк көздер беруін сұрағанын есіне алды. Жауап әрқашан «Иә» бола бермейді. Кейде «Жоқ» деген жауап Құдайдың мейіріміне толы жауап болып табылады.

Кейде Құдай сұрағанымызды бірден береді.

Кейде Ол бізді күтуге мәжбүр етеді.

Кейде Ол «Жоқ» дейді.

Және кез келген жауап - иә, жоқ немесе күт - әрқашан Құдайдың сүйіспеншілігінен келеді. Оның жауабы біз үшін әрқашан үздік.

Ол саған да ең үлкен жақсылықты жасайды.


Рөлдер: Баяндаушы, Эми (бала кезінде), Эмидің анасы, дос қыз

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 01:58 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)