STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 141 (Up at 5.00 o'clock 2)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

141. Таңғы бесте тұру 2


(Оятардың шырылдаған дыбысы)

Оятар таңғы сағат 5:00-де шырылдады. Хадсон Тейлор оянды.

Бала: «Соншалықты ерте ме! Не үшін?»

Ол Киелі кітапты тыныштықта оқи алу үшін ертерек тұруды қалады. Бұл оның алғашқы елші қызметкерлік сабағы болды. Сонымен қатар, ол күшті және денсаулығы мықты болу үшін спортпен айналыса бастады.

Бұл оқиға 150 жыл бұрын болған. Хадсон Тейлор Тәңір Исаны жақсы көрді және ол елші қызметші болғысы келді.

(есік қағылған дыбыс)

Х.Т.: «Қайырлы күн, жетекші! Қытай туралы оқуға бірдеңе бере аласыз ба?»

Жетекші: «Ал неге Қытай туралы?»

Х.Т.: «Иса мені Қытайға елші қызметші ретінде жібергісі келеді».

Жетекші: «Сен Қытайға қалай бармақшысың?»

Х.T.: «Әзірге білмеймін. Мен Исаға сенім артамын. Ол маған жол көрсетеді».

Исаға сенім арту өте маңызды. Біз бұған үйрене аламыз. Хадсон Тейлор Исамен келісім жасады және бұл оған көп көмектесті.

Х.Т.: «Тәңір Иса, мен барлық мұқтаждықтарымды тек Саған ғана айтамын!»

Хадсон бай емес еді. Бірде оның небәрі үш доллары болды. Сонда да ол қуанып, кедейлерге барып жүрді.

Ер адам: «Тейлор мырза, менің ауру әйелім үшін дұға етіңізші».

Хадсон ер адамның соңынан еріп, кішкентай, лас бөлмеге кірді, сол үйде ол аш балалар мен қатты ауырып жатқан әйелді көрді. Хадсон олар үшін дұға етіп, бар ақшасын берді. Ол тек Исаға ғана өзінің тамаққа ақшасы қалмағаны туралы айтып берді. Тәңір Иса оның сенімі үшін оны марапаттап, керемет жасады. Сол күні, оған белгісіз біреуден, пошта арқылы 12 доллар келді! Ал ауру әйел болса сауығып кетті.

Хадсон мейірімді, бірақ ұмытшақ доктор Хардиға жұмыс істеді.

Доктор Харди: «Тейлор мырза, мен сізге жалақыңызды бердім бе?»

Х.Т.: «Жоқ».

Доктор Харди: «Кешіріңіз. Мен қазір ғана барлық ақшаны банкке апардым. Сіз мұны маған еске түсіруіңіз керек еді».

Бірақ Хадсон Исамен келісім жасаған, ол тек Оған ғана өзінің мұқтаждықтары туралы айтады. Және бұл келісім-шартты ол бұза алмады. Бірақ пәтер үшін ол қалай төлейді? Доктор Харди күту залында қайта көрінді.

Доктор Харди: «Міне, сіздің жалақыңыз. Дәл қазір бір емделуші келіп, ақша берді».

Иса Хадсонға қамқор болды. Ол Өзіне сенетіндердің барлығына қамқорлық жасайды.

Кейінірек Хадсон Лондонда медицинаны оқып, зерттеді. Университет ауруханасында онымен бір қорқынышты оқиға болды. Не болғанын келесі шығарылымда білетін боласыңдар.


Рөлдер: Баяндаушы, Хадсон Тейлор, жетекші, Доктор Харди, бала, ер адам

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on October 27, 2023, at 08:17 AM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)