STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 119 (Danni fell 3)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

119. Клаус құлап қалды 3


Әжесі уайымдап сағатқа қарап отырды. Клаус осы кезде келуі керек еді. Ол үнсіз дұға етті. Бұл кезде Майя әкесімен бірге оны таудан іздеп жүрді.

Әкесі: «Клаус! Клаус, бізді естіп тұрсың ба?»

Майя: «Әке, Фридлинің бұл оқиғаға қатысы бар екені анық. Мен жүгіріп барып одан сұраймын».

Майя көршілердің үйіне жүгіріп барып, Фридлиді қорадан тапты. Ол балаға олжаға түскен жолбарыстай шапты. Фридли жылап отырды.

Майя: «Клаус қайда? Сен онымен не істедің?»

Фридли: «Білмеймін... Мен кінәлі емеспін...»

Майя: «Неге кінәлі емессің? Маған оның қайда екенін айт, әйтпесе полиция шақырамын!»

Фридли: «Клаус өліп қалды».

Майяның жүзі қатты сұрланып кетті. Содан кейін Фридли оны Клаус құлаған жарға апарды. Әкесі арқанмен жардан төмен түсті. Ол Клаусты тас беткейден тапты. Оның аяғы қатты бұралған болатын.

Әкесі: «Клаус тірі! Ол өзенге құлап, батып кеткен жоқ!»

Майя әкесінің Клаусты жартастан көтеріп келе жатқанын көрді. Ол тіпті мысықты да құтқарып алыпты.

Құдай Клаустың өмірін сақтап қалды. Ол ауруханаға жеткізілді, бірақ дәрігерлер қаншама тырысқанымен, енді ол тек балдақпен ғана жүре алады.

Майя: «Бәріне Фридли кінәлі!»

Майяның айтқаны дұрыс болды ма? Ол Фридлиді жек көріп, одан сайын бақытсыз бола бастады. Әкесінің әр кеш сайын Киелі кітаптан оқитын сөздері, оның жүрегінен орын таппады. Ол Исаның барлығын жақсы көріп, кешіретініне мән бермеді.

Оны кешіру керек пе? Ешқашан. Майя одан кек алғысы келді.

Бір күні ол көршісінің үйінің баспалдағында әдемі понидің мүсіншесін көрді. Оған әсіресе мүсіншенің жалы мен тұяқтары ұнады. Пони өте жақсы жасалған.

Майя: «Фридли мұндай нәрсеге қабілетті деп ешқашан ойламаппын. Ол мектептегі мүсіндер байқауында жүлделі орын алғысы келетін шығар. Бірақ мен бұған жол бермеймін!»

(қыздың ағаш мүсіншені жерге лақтырып, оны аяғымен таптап жатқаны естіледі)

Майя мүсіншені жерге құлатып, оны таптады. Пони көптеген кішкентай бөліктерге бөлініп кетті. Қыздың жүрегінен жеккөрушілік ағындай төгілді.

Майя мұның дұрыс емес екенін білді. Бірақ ол, Фридли менен де жаман, деп ақталмақ болды. Ол жасырын түрде кетіп қалды.

Одан әрі не болғанын, келесі бөлімде білетін боламыз.


Рөлдер: Баяндаушы, әкесі, Майя, Фридли

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 02:19 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)