STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 065 (Missing for three days)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

65. Үш күннен бері хабарсыз кеткен


(Жолда келе жатқан адамдардың дауыстары)

1-саяхатшы: «Бұл мереке көпке дейін менің есімде қалады».

2-саяхатшы: «Иә, барлығы керемет болды».

1-саяхатшы: «Бұл біз үшін үлкен құрмет. Біз - Құдайдың азат еткен халықымыз. Мен келесі жылы да Иерусалимге барғым келеді».

Мәриям: «Сендерге амандық пен тыныштық болсын. Сендер біздің Ұлымызды көрген жоқсыңдар ма?»

Жүсіп: «Ол еш жерде жоқ. Оның жасы 12-де».

2-саяхатшы: «Мүмкін Ол адамдардың алдында келе жатқан шығар».

Мәриям мен Жүсіп Исаны іздеп жүрді. Ол ата-анасымен бірге Иерусалимге алғаш рет барды. Үйге қайтып келе жатқанда, Ол кенеттен бір жерде жоғалып қалды.

Мәриям: «Жүсіп, мен қатты уайымдап жатырмын. Ол қайда екен…»

Жүсіп: «Біз қалаға қайтып барып, Оны сол жерден іздеуіміз керек».

Олар барлық жерде өздерінің он екі жасар Ұлы туралы сұрап жүрді. Исаны ешкім көрмеді. Үш күннен кейін, олар ақыры Оны ғибадатханада тапты. Олар Оның Құдайдың үйінде отырып, Заң мұғалімдерімен Киелі кітапты талқылап жатқанын көргенде, қатты таң қалды. Олар Оның сұрақтары мен жауаптарына да таң қалды.

Мәриям: «Сен неге осында қалдың? Біз Сені барлық жерден іздеп, қатты уайымдадық».

Иса: «Мені неге іздедіңдер? Менің - Әкемнің үйінде екенімді білмедіңдер ме?»

Иса алғаш рет Құдайды Өзінің Әкесі деп атады және Өзін Құдайдың Ұлы деп жариялады.

Балалар, тыңдаңдар, Құдайдың Ұлы, Иса да бір кездері бала болған. Ол нағыз адам еді. Ол да сендер сияқты күлді, жылады, тамақ жеді және ұйықтады. Ол да сендер сияқты көп нәрсені үйренуі керек еді. Және Ол да сендер сияқты әрқашан ата-анасына бағынатын. Күліп тұрсыңдар ма? Сендер әрқашан да ата аналарыңның айтқанын орындайсындар ғой, рас па?

Киелі кітапта былай айтылған: Балалар, ата-аналарыңа мойынсұныңдар. Иса әрқашан ата-анасына мойынсұнды. Ол ешқашан сөзімен де, ісімен де күнә жасамады. Ол ешқашан өтірік айтпады, және ешқашан ұрлаған емес. Оның бойында ешқандай күнә болмады. Мойынсұну әрқашан Оған қуаныш сыйлады. Сондықтан Ол мойынсұнушылықпен, Мәриям мен Жүсіппен Назаретке қайтып оралды.

Егер сен Исаға мойынсұнғың келсе, Ол саған Өзінің үлгісіне еруге көмектеседі. Одан өзіңнің мойынсұнбаушылығыңды кешіруін сұра, сонда Ол кешіреді.

Сен Онымен бірге өмір сүруді шешкен кезде, Ол саған өмір бойы Құдайға ұнамды болуға көмектеседі.

Иса сенің жүрегіңде өмір сүрсе, тіпті қоқыс шығару немесе ыдыс жуу сияқты жалықтыратын міндеттер, саған қуаныш сыйлайтын болады. Исамен бірге өмір сүру – керемет! Cен де Онымен өмір сүруді баста.


Рөлдер: Баяндаушы, екі саяхатшы, Мәриям, Жүсіп, Иса

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 02:05 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)