STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 012 (Joy that never leaves us)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

12. Біздегі ешқашан таусылмайтын қуаныш


Түнгі аспан жұлдыздарға толы болды. Қала тұрғындары ұйықтап жатты, тек өрістегі қойшылар ғана қой күзетіп, ұйықтаған жоқ. Олардың жұмысы өте қиын болды, бірақ олар мұны істеуге мәжбүр еді. Сол заманда халық қойшыларды менсінбейтін.

Әрине, олардың өмірлері қиын болған және олар қоғамның төменгі деңгейінде болғанды қаламады. Олар шаршап, малдарын күзетіп жатты. Кенеттен қастарына Жаратқан Иенің Періштесі келіп, төңіректеріне Тәңірдің нұрлы салтанаты сәулесін төгіп жіберді. Малшылар зәрелері ұша қорықты.

Қойшылар адам көзінен жасырынған Құдай әлемінен келген бұл хабаршыға үрейлене қарады.

Періште: «Қорықпаңдар! Мен сендерге үлкен қуаныш жариялаймын, ол қуаныш барлық халыққа да ортақ: бүгін Дәуіттің қаласында сендердің Құтқарушыларың дүниеге келді, Ол - Иеміз Мәсіх! Мұның сендер үшін белгісі мынау: сендер ақырда құндақтаулы жатқан Нәрестені көресіңдер», - деді.

Таңқалған қойшылар Періштені мұқият тыңдады. Құтқарушы! Олардың жүректері үлкен қуанышқа толды. Құдай оларды ұмытқан жоқ!

Кенеттен Періштенің қасына көктегі періштелердің үлкен бір тобы қосылып, Құдайды дәріптеді. Құтқарушы дүниеге келді!

Қойшылар тездетіп барып, Мәриям мен Жүсіпті және ақырда жатқан Нәрестені тапты. Оны көрген соң, малшылар осы Сәби туралы алған хабарды сол жердегілерге қуана айтып берді.

Сондай-ақ Құтқарушының сен үшін дүниеге келгені де анық. Тәңір Исаны өміріңе қабылда, сонда сен ешқашан бітпейтін қуанышты табасың.


Рөлдер: Баяндаушы, Періште

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 01:52 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)