STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 148 (The hardest test 3)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

148. Ең қиын тест 3


Балалар, менің айтқаным рас қой? Сендер бүгін қиын тест болатынын білсеңдер, таңертең ұйқыдан тұрғыларың келмейді. Солай емес пе?

Бірақ Ыбырайыммен басқаша болды. Ол өте ерте тұрды. Оған математикадан немесе физикадан тест тапсырудың қажеті жоқ еді. Құдайдың Өзі оған тест берді – Құдай оның сенімін сынады.

Құдайдың дауысы: «Ыбырайым!»

Ыбырайым: «Мен мұндамын!»

Құдайдың дауысы: «Өзіңнің жақсы көретін жалғыз ұлың, Ысқақты алып, Мория жеріне бар. Оны сол жерде, Мен саған көрсететін тауға апарып, құрбандыққа шалып жібер».

Құдайды білмейтін және сүймейтін адам, Оны қатыгез деп есептейді. Құдай осындай ауыр сынақ жіберсе де, Ыбырайым Құдайды зұлым деп есептемеді.

Киелі кітапта жәй ғана былай жазылған: Ыбырайым таңертең ерте тұрып, есегін ерттеп, құрбандық отына отындық ағаш жарып алып, екі қызметшісін және ұлы Ысқақты өзімен бірге ертіп алды.

Олар ұзақ, шамамен 120 шақырым жол жүрді. Осындай ұзақ сапарда, олардың кейбіреулері үйлеріне қайтқысы келген болуы мүмкін.

Үш күннен кейін Ыбырайым тауды көрді. Ол қызметшілеріне бұрылды.

Ыбырайым: «Сендер есекпен осы жерде қалыңдар. Балам екеуіміз барып, Құдайға ғибадат етеміз, содан кейін қайтып келеміз».

Балалар, Ыбырайымның айтқанын естідіңдер ме? Ол біз қайтып келеміз деді. Ол Құдайдың Ысқаққа оның өмірін қайтаратынына нық сенді.

Баласы отындық ағашты арқалап жүрді, ал әкесі ыдыстағы жанып тұрған көмір мен пышақты қолына ұстап жүрді. Олар қатарласып жүріп келе жатты.

Ысқақ: «Әке!»

Ыбырайым: «Иә, балам».

Ысқақ: «Отындық ағашымыз бен отымыз бар, ал құрбандыққа шалынып, өртелетін қой қайда?»

Ыбырайым: «Бұны Құдайға тапсырайық. Ол қамқорлық жасайды, ұлым».

Құдай көрсеткен жерге жеткенде, Ыбырайым құрбандық өртейтін орын жасап, оған отындық ағаштарды қойды. Ол ұлын Ысқақты байлап, құрбандық орнындағы ағаштарға жатқызды. Сосын қолына пышақты алды.

Періште: «Ыбырайым! Ыбырайым!»

Ыбырайым: «Мен осындамын!»

Періште: «Ұлыңа тиіспе. Құдайды жалғыз ұлыңнан да артық жақсы көретініңді көрдім!»

Ыбырайым өміріндегі ең қиын тестті тапсырды.

Одан бірнеше жүз метр жерде Ғолғота болды. Жүздеген жылдар өткеннен соң, Ғолғотада Құдай Өзінің жалғыз Ұлын, Исаны құрбандыққа шалды, енді біз Оған сеніп, Құдайдың балалары бола аламыз. Қазір менімен бірге дұға еткілерің келе ме?

«Тәңір Иса, мен Саған Ыбырайым сияқты сенемін. Мұндай сенімі бар адаммен не болуы мүмкін?!»


Рөлдер: Баяндаушы, Ыбырайым, Құдайдың дауысы, Ысқақ, періште

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on October 27, 2023, at 08:18 AM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)