Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 154 (Jesus the victor 2)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

154. Иса – Жеңімпаз 2


Шайтан зұлым әрі қу. Балалар, бұған өте абай болыңдар. Шайтан ертегі кейіпкері емес. Киелі кітапта шайтанның ақырған арыстандай айналаны шарлап, кімді жалмасам деп торуылдап жүргені туралы айтылады.

Бала: «Мен оны шынымен де бар деп ешқашан ойламаппын».

Ол – Құдайдың жауы. Ол біздің Құдайға сенуімізге кедергі жасау үшін бәрін жасайды. Оның әдетте бізге қалай әсер ететіні естеріңде ме?

Бала: «Ол Құдайға деген сенімсіздік пен күмәнді себеді».

Абайлаңдар балалар, оның тұзағына түсіп қалмаңдар. Иеміз Исадан қорғаныс сұраңдар. Өйткені Ол шайтанды жеңді.

Құдайдың Ұлы шайтанның басты нысанасы болды. Иса айқышта біз үшін өлмеуі үшін, шайтан бар күшімен Исаны тоқтатуға тырысты. Ол бізді Құдаймен бірге мәңгілік өмірге ие болу мүмкіндігінен айырғысы келді. Сондықтан шайтан Исаға қатты шабуыл жасады.

Шайтан: «Егер Сен Құдайдың Ұлы болсаң, онда мына тастарды нанға айналдыр. Егер Сен Құдайдың Ұлы болсаң, онда биік мұнарадан секір, Құдай Сені сақтап қалсын!»

Иса – Жеңімпаз! Исаға шайтан үшін, Өзінің шынымен де Құдайдың Ұлы екенін дәлелдеудің қажеті жоқ еді. Содан кейін жау азғырудың екінші әдісін қолданды: ол Исаға байлық пен даңқ берем, деп уәде етті.

Шайтан: «Егер маған ғибадат етсең, мен Саған бүкіл дүниені беремін».

Иса: «Кет қасымнан, шайтан! Киелі жазбаларда былай деп жазылған: Құдайларың Жаратқан Иеге ғибадат етіп, жалғыз Оған ғана қызмет етіңдер».

Иса – Жеңімпаз! Оның бір ғана сөзі шайтанды қуып жібереді.

Иса – Жеңімпаз! Сондықтан шайтан оны жек көреді.

Иса айқышта шегеленген кезде, жау соңғы қаруын қолданды.

Шайтан: «Егер Сен шынымен Құдайдың Ұлы болсаң, онда айқыштан түс!»

Егер Иса айқыштан түскенде, біз мәңгіге өлетін едік. Біздің күнәларымыз кешірілмес еді және біз Құдаймен мәңгілік өмірге ие болмас едік.

Бірақ Иса соңына дейін шыдады. Ол Жеңімпаз! Айқышта Ол күнәны, өлімді және шайтанның өзін жеңді. Бұған Оның қайта тірілуі дәлел.

Егер сендер Исаға сенетін болсаңдар, онда сендер Жеңімпаздың жағындасыңдар!

Қорықпаңдар балалар! Иса – Жеңімпаз!

Әрқашан да Оның атын шақыруды ұмытпаңдар! Оған дұға етіңдер, сонда Ол сендерді сақтайды.


Рөлдер: Баяндаушы, Иса, бала, шайтан

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 25, 2023, at 10:12 AM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)