Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 155 (Hands off 3)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

155. Қолыңды аулақ ұста 3


Балалар, сендер көріпкелдердің кім екенін білесіңдер ме?

Қыз: «Бұлар шайтанға қызмет ететін әйелдер, олар болашақта не болатынын шайтан арқылы біледі».

Көріпкелдердің айтқаны әрқашан өтірік бола бермейді, кейде олар шындықты да айтады.

Олар көне заманнан бері болған.

Киелі кітапта Пауыл мен оның досы Філіпі қаласында болғанда, болашақты жоритын, зұлым рухы бар бір әйел, олардың соңынан ергені туралы айтылған. Ол көшелерде қатты айқайлап жүрді.

Көріпкел: «Бұл адамдар – Құдайдың құлдары. Олар сендерге қалай құтқарылуға болатынын айтып береді!»

Қыз: «Бірақ ол шындықты айтты ғой!»

Иә. Бірақ бәрі бір Пауылға бұл тыныштық бермеді. Оған көріпкелдің жарнамасы ұнамады.

Пауыл: «Иса Мәсіхтің атымен, мына әйелден шық!»

Зұлым рух бірден әйелден шығып кетті. Иса – Жеңімпаз! Оның алдында шайтан дірілдейді. Біз шайтанды көре алмаймыз, бірақ ол бар күшімен адамдардың Құдайға сенуіне жол бермеуге тырысады. Сондықтан ол адамдарға сенімнің орнына ырымшылдықты ұсынады.

Расында да, кім өз жүрегін Исаға жапса – ол оны ырымшылдық үшін ашады.

Ырымшылдық – бұл тіл-көзден қорғайтын тұмарлар, шынжырлар мен білезіктерге және көліктердің салондарына ілетін тұмарлар. Шайтан адамдарға картамен, сәуегейлік добымен немесе басқа да нәрселермен болашақты көруді ұсынады. Шайтан адамдарға заттарға қолын тигізбей-ақ, оларды қозғалту қабілетін береді.

Қыз: «Ал егер бұл жай ғана көңіл көтеру үшін болса ше?»

Мақсат есімді бала мұны зиянсыз, әрі қызық іс деп ойлады. Мектеп оқушылары тәрелкенің көмегімен рухтармен сөйлесуге тырысты. Бірақ осыдан кейін, оны қорқыныш билей бастады және түнде ол қорқынышты түстер көретін болды.

Сен сия сауытымен жасалатын бір тәжірибені білесің бе?

Жәй ғана көңіл көтеру үшін, бір саусағыңды сия сауытына сал. Ал басқа саусақпен мұны байыппен жаса.

Қыз: «Әй, екі саусағым да көк сияға боялды ғой!»

Сондықтан да, жаудың ұсынатын барлық нәрселерінен қолыңды аулақ ұста. Сен мұны қалай жасайтының маңызды емес: көңіл көтеру үшін бе, әлде шындап жасайсың ба, нәтижесі бірдей болады. Мысалы, сен Киелі кітапты оқуға және дұға етуге деген құштарлықты жоғалтасың.

Қыз: «Ал сіз жұлдыз жорамалдарын оқисыз ба?»

Жоқ.

Қыз: «Менің анам да оқымайды. Анам бұған Құдай тыйым салады дейді. Құдай біздің тек Оған ғана сенуімізді қалайды».

Және сен Исамен бірге болғанда, саған басқа ештеңе керек болмайды. Ол – Жеңімпаз, Ол бізді жаудың тұзағынан құтқарады. Ол сені сүйеді, сондықтан Ол сені сақтап жүреді!


Рөлдер: Баяндаушы, қыз, Пауыл, көріпкел

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 25, 2023, at 10:15 AM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)