STORIES for CHILDREN by Sister Farida(www.wol-children.net) |
|
Home عربي |
Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 098 (Punishments and promises 2) This page in: -- Albanian -- Arabic? -- Armenian -- Aymara -- Azeri -- Bengali -- Bulgarian -- Cebuano -- Chinese -- English -- Farsi -- French -- Fulfulde -- German -- Greek -- Guarani -- Hebrew -- Hindi -- Indonesian -- Italian -- Japanese -- KAZAKH -- Korean -- Kyrgyz -- Macedonian -- Malayalam? -- Platt (Low German) -- Portuguese -- Punjabi -- Quechua -- Romanian -- Russian -- Serbian -- Slovene -- Spanish-AM -- Spanish-ES -- Swedish -- Swiss German? -- Tamil -- Turkish -- Ukrainian -- Urdu -- Uzbek
ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер
98. Жазалар мен уәделер 2Әйел: «Бұл жаңбыр қашан тоқтайды екен?» Ер адам: «Нұхтың айтқанының бәрі рас болып шықты ма?» (кеменің қабырғасына жұдырықпен соққылаған дыбыстар) Барлығы: «Көмектесіңдер! Нұх, есікті аш! Бізді кіргіз!» Бірақ тым кеш болды. Кеменің есігін Құдайдың Өзі жауып тастады. Басында адамдар Құдайды тыңдағысы келмеді, ал енді мойынсұнбаушылықтары үшін азап шегулеріне тура келді. Құдайға қарсы болуға шешім қабылдаған адамдармен әрқашан да осылай болады. Су одан сайын жоғары көтеріле берді. Құдай ескерткендей болды. 40 күн, 40 түн жаңбыр тоқтамай қатты жауды. Амалсыздан адамдар үйлердің төбесіне, таулардың басына шықты. Бірақ ең биік шыңның өзі бес метр су астында қалды. Бұл су тасқынында барлық тіршілік иелері суға батып кетті. Тек Нұх және онымен бірге кемеде болғандардың барлығы ғана құтқарылды. Жыл бойы су деңгейі біртіндеп төмендеді. Нұх: «Қызық, жер құрғады ма? Менің қарғаны жібергенім жөн болар». Кейінірек Нұх көгершінді жіберді. Нұх құстар құрғақ жер таба алады ма, жоқ па, соны білгісі келді. Бірақ олар құрғақ жер таппай, кемеге оралды. Арада бір апта өтті. Нұх: «Мен тағы бір көгершінді жіберемін». (терезенің ашылғаны және құстың ұшып шыққаны естіледі) Нұхтың әйелі: «Міне, қарашы! Оның тұмсығында жасыл бұтақ бар!» Нұх: «Олай болса жер жақын арада кеуіп қалады!» Нұх көгершінді үшінші рет жібергенде, ол қайтып оралмады. Бір жыл өтті, су тартылып, жер құрғады. Құдай былай дейді: «Нұх, отбасыңмен кемеден шық. Құстар мен аңдар да кемеден шықсын. Өсіп-өніп көбейіңдер, жерді жайлаңдар!» Топан судан аман қалғандардың бәрі кемеден құрғақ жерге шықты. Егер сендер Нұхтың орнында болсаңдар, бірінші кезекте не істер едіңдер? Нұх Құдайға арнап құрбандық орнын салып, құрбандық шалды. Солай ол құтқарылғаны үшін Құдайға алғыс айтты. Нұх өз өмірін Құдайға арнады және Құдай соған риза болды. Құдай былай дейді: «Мен енді ешқашан жерді топан сумен жоймаймын. Жер бар болғанша, әрқашан жаз бен қыс, күн мен түн болады. Мен сенімен келісім жасаймын. Ал кемпірқосақ бұл келісімнің белгісі болады». Аспанда алғаш рет кемпірқосақ пайда болды. Ол өте әдемі және түрлі-түсті болды! Бұл әлі күнге дейін Құдайдың адал екенін еске салады. Ол сөзінде тұрады. Сендер Оған толықтай сенім арта аласыңдар. Келесі жолы кемпірқосақты көргенде, Құдай туралы ойланыңдар. Рөлдер: Баяндаушы, ер адам, әйел, Нұх, Нұхтың әйелі, Құдай Авторлық құқықтар: CEF Germany |