STORIES for CHILDREN by Sister Farida(www.wol-children.net) |
|
Home عربي |
Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 097 (Whoever won't listen 1) This page in: -- Albanian -- Arabic? -- Armenian -- Aymara -- Azeri -- Bengali -- Bulgarian -- Cebuano -- Chinese -- English -- Farsi -- French -- Fulfulde -- German -- Greek -- Guarani -- Hebrew -- Hindi -- Indonesian -- Italian -- Japanese -- KAZAKH -- Korean -- Kyrgyz -- Macedonian -- Malayalam? -- Platt (Low German) -- Portuguese -- Punjabi -- Quechua -- Romanian -- Russian -- Serbian -- Slovene -- Spanish-AM -- Spanish-ES -- Swedish -- Swiss German? -- Tamil -- Turkish -- Ukrainian -- Urdu -- Uzbek
ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер
97. Кімнің тыңдағысы келмейді 1(құрал-саймандардың дыбыстары) 1-ші ер адам: «Міне, ол қайтадан тарсылдата бастады!» Әйел: «Мен осыдан шаршап кеттім!» 2-ші ер адам: «Ол расында да біртүрлі адам! Жаңбыр жауады деп айтып жүр. Ол мұны қайдан ойлап тапты! Мұны оған Құдайдың Өзі айтты, дейді». Құдай оған шынында да солай айтты. Құдай былай дейді: «Мен жер бетіндегі барлық тірі жандарды жоюды шештім. Олардың барлық ойлары мен әрекеттері - зұлымдыққа толған!» Құдай туралы тек Нұх қана ойлады. Және бұл үлкен батылдықты талап етті. Ол азғыруларға бой алдырмады, жамандық жолына түспеді. Ол Құдайдың айтқанының бәрін нық әрі тайсалмай орындады. Құдай оған өте риза болды. Құдай былай дейді: «Нұх, ағаштан кеме жаса. Мен жер бетіне үлкен топан су қаптатамын, барлық тіршілік иелері суға батады. Мен тек сені, әйеліңді және ұлдарыңды әйелдерімен бірге құтқарамын». Құдайдың оған бұйырғанының бәрін Нұх орындады. Ол ұлдарымен бірге Құдайдың нұсқауымен кемені соқты. Кеменің ұзындығы шамамен 150 метр, ені 20 метр және биіктігі 12 метр болды. Ол кемені үш қабат етіп жасады және әр қабатта көптеген бөлмелер болды. Кемеде бір есік және кеменің төбесінде бір терезе болды. Кеменің ішіне де, сыртына да шайыр жағылды. Басқалар олардың әрекеттеріне қалай күлгенін елестете аласыңдар ма? 1-ші ер адам: «Мына Нұх ақылсыз. Ол бұл қайыққа суды қайдан алады?» 2-ші ер адам: «Мен өмірімде ешқашан жаңбыр көрген емеспін. Тыңда, Нұх, бұл ақымақ ойды доғар да, өмірден ләззат ал!» Алайда Нұх тоқтаған жоқ. Ол Құдайдың бұйырғанын орындады. Ұзақ жылдар тынымсыз еңбек етіп, ақыры ол кеменің құрылысын аяқтады. Құдай былай дейді: «Нұх, отбасыңмен бірге кемеге кір. Әр жануардан бір жұпты және азық-түлікті кемеге кіргіз. Тағы бір апта өтеді, Мен жерге жаңбыр жіберемін. Қырық күн, қырық түн жаңбыр жауады». Нұх бұрын ешқашан жаңбыр көрмеген, бірақ ол Құдайдың айтқанын орындай берді. Ол отбасымен бірге кемеге кірді. Жануарлар да кемеге кірді. Олар келе жатқан апатты сезінген сияқты болды. Олардың барлығы кемеге бір есіктен кірді. Құдайдың Өзі олардың артынан есікті жауып тастады. Ол Өзіне сенгендерді және мойынсұнғандарды құтқарды. Ал қалғандары ше? Олар Құдайға сенген жоқ. Міне, бірінші су тамшылары жерге түсті. Адамдар кенеттен оянғандай болды. Олар Құдайдың айтқанының бәрі орындалғанын түсінді. Әрі қарай не болғанын – келесі шығарылымда сендерге айтамын. Рөлдер: Баяндаушы, екі ер адам, әйел, Құдай Авторлық құқықтар: CEF Germany |