Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 066 (He's finally here)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

66. Ол ақыры осында


Айдос: «Ол қашан келеді екен?»

Айдос бұдан әрі күте алмады. Ол үнемі терезенің жанында тұрды.

Айдос: «Анашым, әкем үйге қашан келеді?»

Анасы: «Ол жақында келуі керек. Ол кешкі уақытта іссапардан қайтуы керек. Ол кептелісте тұрып қалмайды деп үміттенемін».

Айдос: «Ол маған жаңа компьютерлік ойын әкеліп береді. Мен оның тезірек келгенін қалаймын!»

Дәл сол сияқты яһуди халықтары да, Құдай уәде еткен, Құтқарушының келуін көп жылдар бойы күтті. Яһудилер Оны жақын арада келеді деп үміттенген. Әндір, барлық адамдарға құтқарылу мен тыныштық әкелетін, Тұлғаны асыға күтті. Ол Жақиямен уақыт өткізгенді ұнататын, өйткені Жақия үнемі осы Құтқарушы туралы айтатын. Ол тіпті Оны көріпті!

Бір күні Әндірдің өмірі өзгерді. Ол үшін бұл өміріндегі ең керемет күн болды.

Сол күні ол Иордан өзенінің жағасында, Жақияның қасында тұрған еді, кенеттен Жақия былай деп дауыстады:

Жақия: «Қараңдар, Мынау: Иса - уәде етілген Құтқарушы!»

Әндір Жақия айтып тұрған Адамға қарады.

Әндір: «Міне, Ол! Ақыры Ол келді!»

Әндірдің Исамен кездескісі келді. Ол достарымен бірге Исаның соңынан ерді. Иса кімнің Өзін іздеп жүргенін және Өзімен кездесуді қалайтынын нақты біледі. Ол бұрылып, былай деп сұрады:

Иса: «Кімді іздеп жүрсіңдер? Сендерге не қажет?»

Әндір: «Бізге қай жерде тұратыныңды айтшы?»

Иса: «Менімен бірге жүріңдер, Мен сендерге көрсетемін».

Олар қатты қуанып, Исамен бірге барды. Олар Оның тұратын жерін көріп, күні бойы Онымен бірге уақыттарын өткізді.

Исамен бірге болу – ең үлкен бақыт. Балалар, сендер осы бақыттың дәмін татып көрдіңдер ме? Әндір сөзбен жеткізгісіз қуанышқа бөленді. Ол міндетті түрде біреуге Исамен кездесуі туралы айтуы керек еді.

Балалар, бүгін Иса туралы кімге айта аласыңдар?

Әндір алдымен ағасы Петірге Ол туралы айтты.

Әндір: «Шимон, біз Оны таптық! Иса келді! Менімен бірге жүр, сен Оны танып білуің керек!»

Әндірдің ынта-жігері жұқпалы болды. Шимон інісіне сеніп, онымен бірге Исаға барды. Иса оларды күтіп тұрғандай болды. Ол тіпті Петірдің есімін де білетін.

Иса: «Сен Шимонсың. Бірақ бұдан былай Петр деп аталасың».

Иса оған жаңа есім берді. Өйткені көп ұзамай Иса оны жаңа адам етті. Біз Исамен кездесіп, Оның соңынан ерген кезде - өзгереміз.

Бұл мені жігерлендіреді, өйткені Ол мені де өзгертіп жатқанын білемін.


Рөлдер: Баяндаушы, Айдос, анасы, Жақия, Әндір, Иса

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 02:06 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)