Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 048 (Small man – big cheat)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

48. Кішкентай адам - үлкен өтірікші


(Халықтың шуы)

Зақай: «Өткізіңдер! Кішкене жылжыңдар!»

Ер адам: «Неге итеріп жатырсың? Барлығы да өткісі келеді».

Зақай: «Мен не болып жатқанын көре алмай тұрмын».

Ер адам: «Ауызыңды жап, кет мына жерден!»

Ол өте алмады. Оны барлығы таныды, және ол ешкімге ұнамады. Ол сәнді киініп, жақсы үйде тұратын. Ол қыска бойлы, бірақ өте бай еді. Оның арам жолмен байығанын бәрі білді. Оның есімі Зақай, «кінәсіз» дегенді білдірсе де, ол алаяқтық жасап, кінәлі болды.

Бұл кысқа бойлы адам, Иерихондағы салық жинаушылардың бастығы болды. Иерихонға тауар әкелгендер, Зақайға салық төлеуге мәжбүр болды. Бірақ Зақай заңға сәйкес адал әрекет етпеді. Ол адамдардан қажетінен көбірек алды. Оның Римдегі басшылары бұған көз жұмды, және Зақай қалағанын істеді. Сөйтіп, «Кінәсіз» дейтін мына кісі, кінәлі болып шықты.

Зақайдың ақшасы көп болғанымен, оның өмірінде қуаныш болмады. Бір күні, Иерихон қаласында бұрын-соңды болмаған оқиға болды: Иса қалаға келді!

Зақай Исаны көргісі келді, бірақ оның бойы қысқа болғандықтан, алдында тұрған адамдардың кесірінен ол ештеңе көре алмады. Сонда, ол қызық шешім тапты - ол ағашқа шыға алады! Ол солай істеді.

Енді ол бәрін көріп тұрды. Міне, Иса! Ол оған қарай жүрді. Иса оған жақындап келе жатты. Иса, Зақай өрмелеп шыққан ағаштың түбіне тоқтады, ол бұған қатты таң қалды. Жүрегі кеудесінде қатты соқты. Иса басын көтеріп, Зақайдың көзіне тік қарады. Ол оны қайдан таныды? Иса былай деді:

Иса: «Зақай, тез ағаштан түс! Бүгін Мен сенің үйіңе келемін».

Зақай Исаның айтқанының бәрін бірден орындады. Ол ағаштан түсіп, қуана Исамен бірге үйіне барды. Бірақ бұл көпшілікке ұнамады.

Ер адам: «Немене? Ол оған қонаққа бармақшы ма? Иса бұл Зақайдың алаяқ екенін білмей ме?»

Әрине, Иса бәрін білді, бірақ Ол Зақайды жақсы көрді. Зақай Исаны кездестіріп, Оған кінәлі екенін мойындады.

Зақай: «Тәңір Иса, мен байлығымның жартысын кедейлерге беремін деп Саған уәде беремін. Ұрлағанымның барлығын төрт есе қайтарамын!»

Иса: «Зақай, сен құтқарылдың! Өйткені Мен адасқандарды іздеп, оларды құтқару үшін келдім!»

Иса саған да келеді. Сен Оны өз өміріңе шақыр және Оған өзіңді не мазалап жүрсе, соларды айт. Ол сенің өміріңдегінің бәрін түзетеді.


Рөлдер: Баяндаушы, Зақай, Иса, ер адам

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on October 27, 2023, at 08:02 AM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)