Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 001 (Jesus loves children)

Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

1. Иса балаларды сүйеді


Бірде швед ханшайымына қонақтар келіп, олар одан: «Бізге қазыналарыңызды көрсетіңізші!» - деп сұрады.

«Иә, әрине» - деп жауап берді ханшайым. Ол сыртқа шығып, көп ұзамай екі баласымен бірге қайтып келді. Ол балаларды қолына алды да, күлімсіреп, қонақтарға: «Міне, менің қазыналарым», - деп жауап берді.

Қонақтар таңқалды. Олар ханшайым гауһар тастары мен басқа да асыл тастарын көрсетеді деп ойлады. Бірақ олар ханшайым үшін балалары кез келген асыл тастардан да қымбат екенін түсінді.

Ал, шын мәнінде де, бәрі бірдей балаларды жақсы көрмейді.

Бірақ мен Кім оларды өте қатты жақсы көретінін білемін: Ол - Тәңір Иса!

Киелі кітапта, бір кезде кейбір ата-аналардың өз балаларын Исаның батасын алуы және Оны тану үшін Оған әкелгені туралы айтылады. Бірақ олар Исаға жақындаған бойда ашулы дауыстарды естіді.

Шәкірттер: «Не істеп жатырсыңдар? Ал, кетіңдер!»

Балалар қорқып үнсіз тұрды. Өйткені, Исаның шәкірттері оларға қатты ұрысты!

Әңгіменің мұнымен бітпегені қандай жақсы болды. Иса балаларды жақсы көреді және Ол оларға бұлай қарауға жол бермеді.

Иса: «Мына балалар Маған келсін! Оларды қумаңдар! Аспан Патшалығы оларға тиесілі».

Иса балаларды жақсы көреді. Ол оларды Өзіне сенім артуға және Оны тануға шақырады.

Олар келіп, Оның қасында тұрды...
... сенімен жасты ұлдар мен қыздар
… жақсы мен жамандар
… үлкен және кіші
… тынышсыз және тыныш
... ақылды және онша ақылды емес
... терісінің түсі әртүрлі ұлдар мен қыздар

Балалар Исаның оларға осындай мейірімділік танытып, батасын берген күнін ешқашан ұмытпады.

Иса балаларды сүйеді!

Бұл балаларды қатты қуантты және олар Иса туралы көптеген адамдарға айтып берді.

Иса сендердің әрқайсыларыңды жақсы көретінін әрқашан есте сақтаңдар!

Ол саған Киелі кітаптың беттерінен сөйлеп: «Маған келгенді қумаймын», - дейді.


Рөлдер: Баяндаушы, Иса, шәкірттер

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 01:49 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)