STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 024 (Very good)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

24. Өте жақсы


Бесінші сынып оқушыларының бәрі қуанышқа бөленді. Мұғалім оқушыларға математикадан тесттер таратып берді. Кейбір оқушылар өз бағасына риза болды. Олардың бағалары олар қорыққандай төмен болған жоқ.

Мен Киелі кітаптан мектеп оқушылары армандайтын «5+» бағасын таптым!

Оны қайдан тапқанымды білесіңдер ме? Дүниенің жаратылуы туралы баяндайтын кітаптің ішінде. Құдайдың жаратылысы ең жоғары бағаға ие болды: «5+».

Мен Құдайдың барлық жаратылыстарының қаншалықты әдемі әрі керемет екеніне әрқашан таң қаламын: сүйкімді қояндар, мысықтар, иттер. Ұсақ құмырсқалар, үлкен пілдер. Көңілді маймылдар, балықтардың және құстардың барлық түрлері.

Құдай жануарларды жаратпас бұрын оларды тамақтандыру үшін өсімдіктерді жаратты. Сондай-ақ гүлдердің көптеген түрлерін жаратты: кішкентай түймедақ пен үлкен күнбағыс және әдемі раушан. Құдай барлық гүлдерге олардың көбеюі үшін дәндер берді. Жаратушы бәріне қамқор болды. Алдымен Ол жарықты жаратты, өйткені жарықсыз өмір болмайды.

Құдай бүкіл ғаламды жаратты. Оның мұны қалай істегенін білесіңдер ме?

Ол барлығын Өз Сөзімен жаратты. «Жарық пайда болсын», - деді, және жарық пайда болды. Біз көргеннің бәрін Құдай Өз Сөзімен жаратқан. Өздігінен пайда болған немесе өздігінен өскен ештеңе болмаған.

Еш нәрсе кездейсоқтан немесе үлкен жарылыстан пайда болған жоқ – тек Құдіретті Құдай ғана жоқтан бар нәрсені жаратты.

Содан кейін Құдай Өзінің үздік жаратылысын жаратты.

Құдай былай деді: «Адамдарды жаратайық!» Ол еркек пен әйелді Өзіне ұқсас әрі бейнелес етіп жаратты.

Алтыншы күні Құдай Өзінің жаратқандарының бәріне қарап, қуанды, өйткені бәрі өте жақсы болды. Құдай бүкіл жаратылысты Адам мен Хауаға берді. Олар бір қорқынышты оқиға болғанға дейін жұмақта Құдаймен бірге тамаша өмір сүрді.

Келесі шығарылымда мен сендерге ең қайғылы оқиғаны баяндаймын.


Рөлдер: Баяндаушы

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 01:56 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)