Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 020 (On the run 5)
20. Қашуда 5
Патша сарайына барар жолда ат тұяғының дүбірі естілді. Жаңбыр шелектеп құйды. Күйме тоқтай салысымен Ахаб патша одан секіріп түсіп, асығыс түрде сарайға қарай жүгірді.
Ахаб: «Езабел! Езабел! Бүгін не болғанын елестете де алмайсың! Аспаннан от түсті. Ілиястың Құдайы жалғыз шынайы Құдай екенін бәрі көрді! Бағал көмектесуге дәрменсіз болды, ал оның табынушыларының барлығы өлді!»
Патшайым әр сөзді мұқият тыңдады. Бірақ бұл жаңалық та, жауған жаңбыр да оған әсер етпеді. Ол Тәңіріміздің Құдай екеніне әлі сенбеді. Естіген сөздердің бәрі оны одан бетер қатты ашуландырды!
Езабел: «Мен Ілиясты өлтіремін!»
Патшайымның оны өлтіргісі келетінін естіген Ілияс тез арада қашып кетеді. Ол өмірінде былай ешкімнен қашып көрген емес еді. Ол шамамен 200 шақырымдай жерге қашып кетті! Сонда да ол өзін қауіпсіздікте екенін сезінбеді. Ілияс оңтүстікке қарай жүгіре берді. Өлімнен қорқып, ол шөл далаға жетті.
Балалар, сендер қорыққанда не істейсіңдер?
Құдай сендердің қастарыңда! Ілияс әрқашан Құдайдың нұсқағанын істеді. Бірақ бұл жолы ол қорқыныштан жеңілді. Әрі қарай жүруге күші жетпеген соң, ол арша бұтасының саясына отырып, дұға ете бастады:
Ілияс: «Ием, мен енді шыдай алмаймын. Маған өлуге рұқсат ет!»
Құдай сенің жаныңда. Бірақ Ол мұндай дұғаларға «Иә!» деп жауап бермейді. Құдай Ілиястың ұйықтап кетуін күтті, содан кейін оған Періштесін жіберді. Періште пайғамбарды оятты.
Періште: «Тұр Ілияс. Тамақтанып су ішіп ал!»
Ілияс көзін ашып, айналасына қарады. Ол жақын жерде құмырада су мен таба нанды көрді. Олар өте дәмді болды!
Ілияс қайтадан ұйықтап қалды, бәрі де қайталанды.
Құдай сенің қасыңда. Бұл ақиқатты Құдайдың пайғамбары шөл далада Тәңірдің өзіне қаншалықты мейіріммен қамқорлық жасап жатқанын көргенде түсінді. Енді ол Құдайдың даусын қайтадан ести алды. Ілиястың алдында жаңа тапсырма тұрды.
Құдай сенің қасыңда! Ештеңеден қорықпа! Осы Киелі кітап аяты сені жігерлендірсін:
«Жаратқан - нұрым менің, құтқарушым да,
Кімнен мен қорқамын солай болғанда?
Жаратқан - өмірімнің берік қорғаны да,
Кімнен үрейленемін солай болғанда?» (Забур 26:1).
Рөлдер: Баяндаушы, Ахаб, Езабел, Ілияс, Періште
Авторлық құқықтар: CEF Germany