Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 147 (Nothing is too hard for God 2)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

147. Құдай үшін мүмкін емес ештеңе жоқ 2


Бұл мүмкін емес! Мүлдем мүмкін емес! Бәлкім Ыбырайым солай ойлаған шығар.

Неліктен? Жұбайы Сара екеуі қартайған еді. Құдай оларға ұлды баяғыда уәде еткен еді. Бірақ 89 жаста бала туу, немесе 99 жаста әке болу – мүмкін емес қой.

Құдай шынымен де оны ұмытты ма?

Ыбырайым шатырдың кіреберісінде отырды. Түс мезгілі болды, ауа райы өте ыстық еді. Ыбырайымға үш қонақ келді, оларды көріп, ол таң қалды. Ыбырайым басын иіп, оларға тағзым етті. Олардың бірі Құдайдың Өзі екенін ол түсінді ме?

Ыбырайым: «Мырза, кетуге асықпа. Менімен бірге бол. Мен су әкеліп, аяғыңды жуамын. Көлеңкеде отыр. Мен саған тамақ әзірлеп берейін».

Қонақ: «Айтқаныңды істе».

Ыбырайым бәрін дайындауға асықты. Сара нан пісірді, қызметші бұзауды сойды. Ыбырайым қонақтарының алдына, саумал сүт қосылған дәмді тағамды қойды.

Қонақ: «Әйелің Сара қайда?»

Ыбырайым: «Шатырда».

Қонақ: «Мен саған шындықты айтып тұрмын. Бір жылдан кейін, мен тағы да келемін. Және Сара ұл туады».

(күлкі естіледі)

Сара күліп жіберді. Ол қонақтардың Ыбырайыммен әңгімесін тыңдап тұрды. Ол бұл мүмкін емес, мен кәрімін ғой, деп ойлады.

Қонақ: «Сара неге күліп, балалы болуым мүмкін емес деп айтты? Құдай үшін мүмкін емес нәрсе бар ма? Бір жылдан кейін Сара ұл туады!»

Құдай үшін мүмкін емес нәрсе бар ма? Құдай Ыбырайымға ұлды болатынын он реттен астам уәде еткен. Бір күні Ол бұл уәдесін ерекше түрде айтты.

Құдайдың дауысы: «Ыбырайым, аспанға қарап, жұлдыздарды сана. Мен саған сонша көп бала беремін!»

Ыбырайым барлық жұлдыздарды санай алмады, бірақ ол Құдайға сенді. Жұлдыздарға толы ұлан-ғайыр аспан, Құдайдың бұдан да ұлы екендігіне куә болды. Ол үшін мүмкін емес нәрсе бар ма? Жоқ!

Елестетіп көріңдерші, Ыбырайым 100 жасқа келгенде әке болды, ал 90 жастағы Сара, бақытты ана болды.

(баланың күлкісі естіледі) Олар көптен күткен ұлдарының атын Ысқақ деп қойды.

Құдай үшін мүмкін емес ештеңе жоқ. Ол біз елестете алатын барлық нәрседен де ұлы. Жұлдыздарды санап көр, сонда сен Құдайдың қаншалықты ұлы екенін түсінесің!


Рөлдер: Баяндаушы, Ыбырайым, қонақ, Құдайдың дауысы

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on October 27, 2023, at 08:18 AM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)