Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 146 (Speaking stones 1)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

146. Сөйлейтін тастар 1


Балалар, сендер тиындарды немесе пошта маркаларын жинайсыңдар ма? Юрген деген неміс баласының кітап сөресі тастарға толы болды.

Берта: «Уау! Мына тастардың барлығын қайдан алдың?»

Юрген: «Мен мынаны Альпі тауларына барған кезде таптым. Ал бұл болса Берлин қабырғасының бір бөлігі. Ал бұл тасты ағам Мысырдағы Патшалар алқабынан әкелді».

Берта: «Олардың бәрі нешетүрлі екен, түстері де әртүрлі».

Юрген: «Тастардың көбісі менің өмірімдегі түрлі оқиғалармен байланысты».

Балалар, Ыбырайымның да тастарды реттеп қойғанын білесіңдер ме? Бірақ шкаф сөресіне емес. Оларды сөреге қоюға тым үлкен болды. Ол 4000 жыл бұрын өмір сүрген және тастарды ескерткіш ретінде қойған.

Берта: «Бірақ не үшін?»

Барлығы тірі Құдайдың Ыбрайыммен сөйлескенінен басталды.

Құдайдың дауысы: «Ыбырайым, өз жеріңді және туыстарыңды тастап, Мен көрсететін жерге бар!»

Ыбырайым Құдайды көрмеді, бірақ ол Оны анық естіді және өзінің не істеу керек екенін жақсы білді. Ол бәрін Құдайға беруі керек еді. Құдай адамға жақсырақ нәрсе бергісі келгенде, Ол адамнан бәрін Өзіне беруін талап етеді.

Құдайдың дауысы: «Мен саған жаңа жер беремін, сенен үлкен халықты өрбітіп таратамын. Мен саған батамды беремін, сенің атың ұлы болады».

Ыбырайым мен оның әйелі бұл жолдың қайда апаратынын білмесе де, олар өз жерлерін тастап кетті. Ол Құдайға сенді, сондықтан Оған мойынсұнды.

Ыбырайым ұзақ сапардан кейін, бүгінгі Исраил елі орналасқан жерге келді.

Қызық, Құдай одан ұлы халықты жасайтынын және көп жылдардан кейін Құтқарушымыз Исаның осы халықтан шығатынын, ол елестете алды ма?

Бөтен елде Ыбырайым тағы да таныс дауысты естіді.

Құдайдың дауысы: «Мен бұл жерді сенің ұрпағыңа беремін».

Енді Ыбырайым өзінің дұрыс жолда екеніне сенімді болды.

Ең алдымен ол құрбандық ұсынатын орын тұрғызды. Ол Құдайды және Құдайдың уәделерін еске түсіретін тас қойды.

Оңтүстікке қарай ол тағы бір ескерткіш тас орнатты.

Балалар, сендерде тастар жинағы бар ма? Сендер Құдаймен болған тәжірибеңі есте сақтау үшін, тастарды жинай аласыңдар. Мысалы, Құдай дұғаларыңа жауап бергенде немесе сендерді бір қиындықтан сақтандырғанда, сөреге кішкентай тасты қоя аласыңдар. Тастар сендерге Құдайды еске түсіріп, Оған деген сенімдерің артып және Ол үшін өмір сүруге шабыттандырсын.

Ал Ыбырайыммен не болғаны туралы, келесі бөлімде естисіңдер.


Рөлдер: Баяндаушы, Берта, Юрген, Құдайдың дауысы

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on October 27, 2023, at 08:18 AM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)