Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 105 (The sign on the door 5)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

105. Есіктегі белгі 5


Таңертең үйге жүк көлігі келіп тоқтады.

Бала: «Анашым, олар келді!»

Анасы: «Сен құстың торын көтере аласың ба?»

Бала: «Чи-чи, сен естідің бе? Біз көшіп жатырмыз! (құстың сайрағаны естіледі) Сен қуаныштысың ба? Мен өте қуаныштымын!»

Ал оның ата-анасы үшін бұл өте қиын күн болды.

Ал сол ерте заманда тек бір шаңыраққа ғана емес, бүкіл халыққа көшу өте қиын болған шығар?

Олар көптен бері Мысырдан кетуді және құлдықтан құтылуды қалады. Бірақ перғауын оларды жібергісі келмеді. Перғауын оларды ел ішінде күшпен ұстап, ауыр жұмыс істеуге мәжбүр етті. Олар күндіз-түні Құдайдан көмек сұрады. Құдай көптеген кереметтер жасады, бірақ перғауынның жүрегі одан бетер қатайды. Құдай тағы да Мұсаға бұйырды.

Құдай: «Мұса, перғауынға бар. Осы түнде Мен Мысыр жерінен өтемін, және әр отбасының тұңғыш ұлы өледі».

Кешке, бір исраилдіктердің үйінде, бір бала әкесінің қозыны сойып жатқанын көрді.

Ешуа: «Әке, бұл қозы не үшін өліп жатыр?»

Әкесі: «Сен өмір сүруің үшін, балам. Құдай соны талап етеді».

Әкесі қозының қанын алып, үйдің есігінің жақтаулары мен маңдайшаларына жақты. Қанды оң жағына, сол жағына және үстіңгі жағына жақты.

Әкесі: «Қан Құдай үшін белгі болады. Түнде Құдай біздің үйдің жанынан өтеді. Қанды көргенде, Ол бізді сақтап қалады».

Ешуа: «Қозы үшін жаным ашиды, бірақ оның арқасында мен тірі қаламын».

Әрбір исраилдік отбасы есіктің жақтаулары мен маңдайшаларына қозының қанын жағып жатты.

Әкесі: «Ешуа, балам, үйге кір, қараңғы болды. Біз Мысырдан шығуға дайындалуымыз керек».

Олар тіпті отырмай-ақ, асығыс, кешкі асты жеді. Түн ортасы шамасында, бүкіл елде айғай естілді. Әрбір мысырлық отбасының үйінде тұңғыш ұлдары өлді.

Перғауын: «Мысырдан кетіңдер! Тезірек! Барлық заттарыңды алып, осы елден кетіңдер. ҚАЗІР КЕТІҢДЕР!»

Миллионнан астам адам: ерлер, әйелдер және балалар сол түні Мысырдан шықты.

Ешуа да аман қалды. Әкесі оның қолынан ұстап жүрді. Есіктің жақтаулары мен маңдайшаларындағы белгі оларды қорғап, өмірлерін сақтап қалды.

Құдай адамдарды құтқарғысы келеді. Ол өлімді емес, өмірді қалайды. Тәңір Иса айқышқа шегеленді және айқышта өлді. Оның қаны Құдайдың бізді мәңгілік өлімнен құтқарғысы келетінінің белгісі болды. Сондықтан Иса: «Маған сенетін адам өлсе де, шынайы өмір сүретін болады», - деген (Жохан жазған Ізгі хабар 11:25).


Рөлдер: Баяндаушы, бала, анасы, Құдай, Ешуа, әкесі, перғауын

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 02:16 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)