Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 080 (A bill for Mom)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

80. Анаға арналған есепшот


Динара үлкен ықыласпен дүкен терезесіне қарады. Дүкеннің ішінде ол армандаған ойыншық болды.

Динара: «Маған ақша керек. Ересектердің өмірі сондай жақсы. Олар не қаласа, соны сатып алады. Аа, мен бірдеңе ойлап таптым!»

Динара асығыс үйіне қарай жүгірді. Кешкі астан кейін ол бөлмесіне кіріп, қарындаш пен қағазды алып, жаза бастады.

Динара: «Динарадан келген есепшот (Ескерту: мен мұнда қызметші емеспін!)

Шыны ыдыс-аяқты контейнерге қойдым $2,50
Душты тазаладым $4
Күн сайын кешкісін, дастархандағы ыдыстарды жинадым $8
Бөлмені тазаладым (қиын жұмыс!) $13,50
Ыдыс жуғыш машинадан, ыдыс-аяқтарды алып, орнына қойдым $5
Қоқысты шығардым (одан сұмдық иіс шықты!) $8
Және мұның барлығын қосқанда... 15, 21 … $41

Өтініш, тез төлеңіз!
Сіздің еңбекқор қызыңыз, Динара».

Ол үндемей есепшотын ас үй үстелінің үстіне қойды. Кешкі астың алдында, ол өзінің табағының жанында хатты көрді. Кейінірек ол оны бөлмесінде ашты.

Динара: «Өте қызықты. (хаттың ашылып, ақшаның түскен дыбысы) Тура 41 доллар! Мен ешқашан соншалықты бай болған емеспін. О, мұнда, ескертпе бар екен:

Құрметті Динара!
Міне, сенің төлемің. Сен шынымен де еңбекқор қызсың. Уақытың болған кезде менің есепшотымды оқып шық.

10 жыл бойы мен сенің киіміңді жудым тегін
10 жыл бойы мен сен үшін тамақ әзірледім тегін
Сен ауырып жатқанда мен саған қамқор болдым тегін
Мен сенімен ойнадым тегін
Мен сені әрқашан мұқият тыңдадым тегін

Мен бұл тізімді әрі қарай жалғастырмаймын. Мұның бәрін мен сен үшін қуанышпен жасадым, қымбатты қызым, өйткені мен сені қатты жақсы көремін. Сенің анаң».

Динара ұялып кетті. Ол анасына жүгіріп барып, оны құшақтады.

Динара: «Анашым, мен сізге енді ешқашан есепшот бермеймін. Міне, ақшаңызды алыңыз. Мен сізді жақсы көремін!»

Біз адамдарға көмектескен кезде, оларға қуаныш сыйлаймыз. Беру - әрқашан да жақсы! Аналар күні жақындап қалды!

Балалар, сендер аналарыңды қуантқыларың келе ме? Әрқайсыларың аналарыңа, қандай да бір тосын сый жасағандарыңды қалаймын.

Естеріңде болсын: басқаларға сыйлаған қуаныш, әрқашан да өздеріңе оралады! Бұл ереже күнделікті өмірге де қатысты.


Рөлдер: Баяндаушы, Динара

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 02:09 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)