Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 133 (School of life 1)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

133. Өмір мектебі 1


Өмір мектебіне қош келдіңдер! Бізбен бірге болғандарың қандай тамаша!

Қыз: «Келіңдер, бізге қосылыңдар! Бізбен бірге өте қызық болады!»

(көшедегі шу: дірілдеген тежегіштер, сырнайлар, велосипедтердің қоңыраулары және т.б.)

Бала мен қыз кезектесіп: «Жол бер - Көлік тұрағына тыйым салынады - Қисық бұрылыс - Ақ және қызыл көрсеткіштер - Мен қайдамын? Менің қайда баруым керек? - ТОҚТА белгісі - Абайла: мұз!»

Белгілер өте көп және барлығы әртүрлі! Жол белгілері өте маңызды. Олар жүргізушілерге кедергі жасау үшін, немесе олардың көңілдерін аудару үшін орнатылмайды, керісінше, жүргізушілерді қорғау үшін және олардың қалаған жеріне жетуіне көмектесу үшін орнатылады.

Сол сияқты Құдай, Киелі кітапта біздің өмір жолымызға «белгілер» қойды. Ол Өз өсиеттерін бізге қысым көрсету үшін емес, бізді қорғау үшін қойды. Кім Оның ережелерін ұстанса – сол өз жолының соңына сәтті түрде жетеді.

Қыз: «Біздің өмір мектебімізге келіңдер!»

Бала: «Емтиханды сәтті тапсыратындарыңа мен сенімдімін!»

Біздің өмір жолымыз - қызықты саяхат!

Біздің алдымызда екі жол бар, біз соның бірін таңдаймыз. Киелі кітап жол картасы сияқты. Ол бізге қайда баратынымызды көрсетеді.

Оқырман: «Тар қақпадан кіріңдер, өйткені тозаққа апаратын қақпа кең, жол да даңғыл, онымен көп адамдар жүреді. Ал шынайы өмірге апаратын қақпа да, жол да тар. Соны біразы ғана табады» (Матай жазған Ізгі хабар 7:13-14).

Киелі кітап жол көрсететін бағана сияқты. Ол бізге Иса Мәсіх – Құдайға апаратын жалғыз жол екенін көрсетеді.

Оқырман: «Иса былай дейді: Жол, шындық және шынайы өмір Менмін. Мен арқылы болмаса, ешкім де Әкеге бара алмайды» (Жохан жазған Ізгі хабар 14:6).

Біздің өміріміз шығатын жолы жоқ қараңғы туннел сияқты, қиындықтар арқылы өтіп жатқанда, біз Киелі кітапқа қарай аламыз, өйткені ол жол көрсететін жарық шам сияқты.

Тәңір Иса – біздің өмір мектебіміздің үздік Ұстазы. Ол саған осы өмірден өтуге көмектескісі келеді. Егер сен өзіңді жаман сезінсең, жарақат алсаң, немесе апатқа ұшырасаң, Иса сенімен бірге болады және сені ешқашан тастамайды. Ол уәде берді.

Оқырман: «Қиындық көргеніңде шақыр Мені, сонда құтқарып аламын сені, ал өзің мадақтайтын боласың Мені» (Забур жыры 49:15).

Сиыну – төтенше жағдайларда ең жақсы қолдау болып табылады. Мұны өздерің тексеріп көріңдер!

Өмір жолында сендерге сәттілік тілеймін!

ТОҚТА! Келесі шығарылымда біз саяхатымызды жалғастырамыз.


Рөлдер: Баяндаушы, қыз, бала, оқырман

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 25, 2023, at 07:21 AM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)