Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 069 (The showdown 2)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

69. Жекпе-жек 2


Үстел үстінде сорпа суып қалды. Ешкім тамаққа қол тигізбеді. Екі орындық бос тұрды. Шынымен енді олар мәңгі бос болады ма?

Елші қызметші: «Мұның бәрі мағынасыз! Біз эскимостардың арасында 30 жыл еңбек етіп, оларға Иса туралы айтып келеміз, бірақ олар әлі де Оған сенбейді. Олардың жүректері мұз сияқты!»

Елші қызметші әйел: «Ал енді бұл апат. Қазір екі елші қызметші мен үш эскимос мұздың үстінде кетіп бара жатыр және оларға күшті толқындар жақындап қалғанын олар білмейді. Олар өледі, ал мына шаман бізді мазақ етіп күлетін болады!»

Елші қызметші: «Берілмейік. Біз дұға етейік. Иса қаласа, бізді құтқара алады. Оған көктегі және жердегі барлық билік берілген!»

Мұхит шайқалып жатқанда, олар дұға етті. Күшті толқындар мұзды жарып жіберді. Шана үстіндегі эскимостар қатты айғайлады.

Мозес: «Мұз жарылып жатыр! Біз қазір өлеміз!»

Эскимос: «Иттерді босат, олар өздеріне жол тапсын!»

Мозес: «Алға! Қауіпсіз жағаға!»

Иттер қаша жөнелді. Жарылған мұздың ішінен су атқылап шықты. Алдарынан сынған мұз кесектері ұшып құлап, олардың жолын бөгеді. Олар қиналып, әйтеуір жартастарға жетті. Олардың шанасы аспан мен судың арасында ілулі тұрды. Иттер ары қарай жүгіре алмады. Мозес бұрылғанда, қорқынышты суретті көрді. Оларға қарай үлкен мұз тасқыны жылжып келе жатты. Егер бұл мұз тасқыны оларды тасқа жаншып кетсе, олар аман қалмайды. Мозес Исаны шақырды.

Мозес: «Тәңір Иса, бізге көмектес!»

Төменнен мұз қабаты өте тез көтеріліп, көтергіш сияқты, олардың шаналарын көтеріп, оны жағаға лақтырып жіберді.

Мозес пен эскимос: «Біз құтқарылдық! Алақай!»

Содан кейін олардың бағытына екінші биік толқын жақындады, ол біріншіден де жоғары болды. Киімдерінің бәрі су болып, олар жоғарырақ, қауіпсіз жерге көтерілді. Оларға тағы тоғыз күн бойы үлкен қауіп төніп тұрды. Ал мұз қайтадан қатқанда, ақыры олар үйлеріне қайтты. Құдай оларды құтқарды. Колли оларды алыстан көрді.

Колли: «Куппа, олар келе жатыр! Олар келе жатыр!»

Куппа: «Кім келе жатыр?»

Колли: «Елші қызметшілер. Иса жекпе-жекте жеңіске жетті!»

Куппа: «Бұл мүмкін емес! Тоғыз күннен кейін... күшті толқындардан кейін ешкім тірі оралмайды!»

Шаман оларға қауіп туралы ескертпей, оларды қауіпті мұхитта құрып кетуге қалдырды. Бірақ Құдайдың кереметі орын алды: олар қатты шаршады, бірақ аман-есен, ешқандай жарақатсыз оралды.

Куппа бұл кереметті мойындап, Исаға сенді. Қауымда қуанғаннан біреуі қоңырауларды соқты. Бұл оқиғадан кейін көптеген эскимостар Исаға сенді.


Рөлдер: Баяндаушы, елші қызметші, елші қызметші әйел, Мозес, эскимос, Куппа, Колли

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 02:06 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)