Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 101 (Well-hidden 1)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

101. Жақсы жасырылған 1


Арман қуана жексенбілік мектепке жүгірді. Ол: «Енді менде бала бар!» - дегенде, біз күлкімізді тоқтата алмадық.

Баяғыда Мысырда, Мәриям інісінің дүниеге келгеніне өте қуанды. Ол сондай сүйкімді болды! Бірақ Мәриям ол туралы ешкімге айта алмады. Оның анасына перғауынның қорқынышты бұйрығына байланысты, нәрестесін жасыруына тура келді.

Перғауын: «Мені исраилдіктердің саны тез көбейіп жатқаны алаңдатады. Олар ертең бізге қарсы көтеріледі ме деп қорқамын. Сондықтан мен өз адамдарыма бұйырамын: бір исраилдік әйелдің ұл босанғанын көрсеңдер, баланы тез арада алып, оны Ніл өзеніне тастаңдар».

Қандай сұмдық бұйрық! Перғауынның исраилдіктерді өзінің құлдарына айналдырғаны жеткіліксіз болды ма?

Алайда Мәриямның ата-анасы Құдайға сеніп, жаңа туылған ұлын үш ай бойы жасырды. Және Құдайдың көзге көрінбейтін қолы нәрестені қорғады. Бірақ бала өсіп жатты, ата-анасы енді оны жасыра алмады.

Мәриям: «Анашым, мына қамыс жапырақтарымен не істеп жатырсыз?»

Анасы: «Мен себет тоқып жатырмын. Міне... ал енді қақпағы. Маған шайыр құйылған ыдысты беріп жіберші».

Мәриям: «Ол не үшін керек?»

Анасы: «Себетке су кіріп кетпеуі үшін. Мәриям, біз сүйікті кішкентайымызды жіберуіміз керек».

Мәриям: «Қалайша жібереміз? Сіз онымен не істейсіз?»

Анасы: «Мен оны себетке салып, Ніл өзенінің жағасында өсіп тұрған биік құрақтар жағындағы суға жіберемін».

Мәриям: «Ары қарай не болады?»

Анасы: «Біз күтеміз – Құдайдың көзге көрінбейтін қолы оны қалай қорғайтынын көреміз».

Олар үндемей өзенге қарай жүрді. Анасына сәбиімен қоштасу оңай болған жоқ, бірақ ол Құдайға сенім артқандықтан, батыл болды.

Анасы: «Мәриям, сен қамыстың арасына тығылып, ары қарай не болатынын бақыла. Мен бұл жерде көрінбеуім керек, менің үйге оралуым қажет».

Көп ұзамай перғауынның қызы, қызметшілерімен бірге Ніл өзенінің жағасында пайда болды. Ол шомылуға келді.

Ханшайым: «Бұл не екен? Қандай әдемі себет. Оны маған әкеліңдер».

Мәриямның жүрегі қатты соғып кетті. Енді ханшайым оның інісімен не істейді? Оны Ніл өзеніне лақтырады ма? (нәрестенің жылаған дауысы естіледі)

Ханшайым: «Бұл сәби ғой. Исраилдік сәби. Қандай сүйкімді! Мен бұл бейшараны өте аяп тұрмын».

Мәриям тығылып жатқан жерінен шықты.

Мәриям: «Баланы емізу үшін сізге бір әйелді шақырып алып келейін бе?»

Ханшайым: «Бұл жақсы ой. Әрине шақыр!»

Мәриям кімді шақырып келгенін, сендер болжаған шығарсыңдар. Ол анасын шақырып келді, және оған бірнеше жыл бойы ұлын тәрбиелеуге рұқсат берілді. Мәриям мен анасы Құдайдың көзге көрінбейтін қолының, оларды керемет түрде қорғағаны үшін, Оған алғыс айтты. Құдай сені де талай рет қорғады, солай емес пе? Құдайдың қорғауы үшін қазір Оған алғыс айт!


Рөлдер: Баяндаушы, перғауын, Мәриям, анасы, ханшайым

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 02:14 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)