Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 068 (The showdown 1)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

68. Жекпе-жек 1


Шанада екі эскимос отырды: Колли мен шаман Куппа. Олар мұздың үстінде шаналарын сүйреп бара жатқан иттерді анда-санда қамшымен ұрып отырды. Кенеттен Колли мұздың астынан шырылдаған жұмсақ дыбысты естіді. Дыбысты Куппа да естіді.

Ол ысқырып, иттерді тоқтатты. Эскимостар аң терісінен жасалған бас киімдерін шешіп алды. Олар қатты қорқып кетті. Мұз ән айтып тұрғандай болды. Бұл ән оларға таныс еді: ол мұздың ең қалың қабатын кенеттен жарып өтетін, мұз астындағы күшті толқындар екенін алдын ала хабарлап тұрды.

(қатты ұрған қамшының дыбысы)

Колли: «Асығыңдар, адал иттерім! Тез жағаға жүгіріңдер! Күшті толқындар жақындап келе жатыр. Біздің өліп кетуіміз мүмкін!»

Куппа: «Колли, ана жақтағы шананы көріп тұрсың ба?»

Колли: «Олар есінен танған шығар! Олар толқындарға қарай бара жатыр ғой!»

Куппа: «Біз оларды ескертуіміз керек».

Олар сол шанаға жақындағанда, Куппа оның үстінде эскимостардың қаласынан келген, елші қызметшілерді көрді. Ол оларға қауіп туралы ескертпеді, өйткені ол оларды және олар үнемі бәріне айтып жүретін Исаны жек көрді.

Куппа мен Колли Канаданың Наин жағалауына аман-есен жетті.

Куппа: «Барлығы жақсы аяқталды».

Колли: «Ал біз көрген адамдар ше?»

Куппа: «Олар өлуі керек. Енді олардың Исасы, бізге Өзінің құдіретті толқындардан күшті екенін көрсетсін. Ха-ха!»

Екі эскимос мұздан «иглоо» үйшігін салды. Содан кейін Куппа өзімен бірге итбалық терісінен тігілген тонды алып, шағын дүкенге барды. Дүкен сатушысы елші қызметшінің әйелі еді.

Куппа: «Мен мына тонды мылтыққа айырбастағым келеді».

Әйел: «Бізге тон керек пе әлде жоқ па, соны білмеймін. Күйеуім қайтып келгенше, осы жерде күте аласың».

Куппа: «Ол қайтып келмейді».

Әйел: «Мұнымен не айтқың келеді?»

Куппа: «Күшті толқындар жақындап келе жатыр».

Әйел: «Анау КҮШТІ толқындар ма???»

Әйел шаманға үрейлене қарады. Ол терезені ашқанда, әйел мұздың қорқынышты әнін естіді.

Әйел: «Куппа, сен неге күйеуімді ескертпедің?»

Куппа: «Не үшін? Оған Иса көмектессін, егер Оның қолынан келсе».

Әйел есін жоғалта жаздады. Кенеттен оның көздері қабырғада ілініп тұрған Исаның сөздеріне түсті: «Көктегі және жердегі барлық билік Маған берілді».

Әйел: «Оның қолынан келеді! Иса ешқашан бірде-бір шайқаста жеңілген емес!»

Куппа: «Жарайды. Жекпе-жек басталды. Егер олар күшті толқындарға қарамастан қайтып оралса, мен Исаға сенемін».

Әйел: «Куппа, олар қайтып келеді. Мен нақты білемін!»

Оның сенімділігі шаманды сілкіндірді. Бұл жекпе-жекте кім жеңімпаз болады екен? Куппа ма, әлде Иса ма? Бұл туралы келесі бөлімде білетін боласыңдар.


Рөлдер: Баяндаушы, Куппа, Колли, әйел

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 02:06 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)