STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 112 (Mirror of the truth)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

112. Шындықты көрсететін айна


Балалар, сендер бүгін айнаға неше рет қарадыңдар?

Абылай айнаға қарады. Оның түрі жаман болып көрінді. Бірақ сабынды алып, жуынудың орнына, ол ашуланып, айнаны алып жерге лақтырып жіберді (әйнектің сынған дыбысы).

Кейбір адамдар Киелі кітаппен солай істейді. Киелі кітап айна сияқты, ол балалар мен ересектерге олардың өміріндегі қателіктерді көрсетеді. Ал бұл көп адамдарға ұнамайды.

Көп жылдар бұрын Еремия деген пайғамбар өмір сүрген. Ол адамдарға Құдай Сөзін жариялады, ал олар онымен, тура Абылайдың айнамен істегеніндей әрекет жасады. Оның уағыздары бүкіл халық үшін айна сияқты болды. Бірақ халықтың өзгергісі келмеді. Құдай оларға елу жыл бойы шыдамдылық танытты.

Құдайдың дауысы: «Еремия, шиыршық кітапты алып, саған айтқанымның бәрін жазып ал. Мүмкін сонда халық сені тыңдап, өмірлерін өзгертетін шығар».

Бұл бірнеше айға созылды. Жаратқан Иенің айтқан барлық Сөздерін Еремия өзінің хатшысына қайталап айтып берді, ал ол болса соның бәрін шиыршық кітапқа жазып алды.

Еремия: «Барух, ақыры біз жұмысымызды аяқтадық. Маған ғибадатханаға кіруге тыйым салынғанын. Барып, сол шиыршық кітаптарды сонда апар».

Шиыршық кітаптар дауыстап оқылды, Миқая оқылған барлық сөздерді естіді. Ол патша сарайындағы уәзірлерге қарай асыға жүгірді.

Миқая: «Барух ғибадатханада Құдайдың Сөзін оқыды. Біз дұрыс өмір сүріп жатқан жоқпыз. Құдай бізді жазалайды».

Уәзір: «Сол адамды, оның шиыршық кітаптарымен осында алып кел».

Олар Барухты алып келді. Құдайдың Сөзі уәзірлердің жүрегіне айна сияқты болды.

Уәзір: «Барух, сен бұл сөздерді қалай жазып алдың?»

Барух: «Еремия маған осы сөздердің бәрін өз аузымен айтып берді. Ол айтты, мен жаздым».

Уәзір: «Біз бұл туралы патшаға хабарлауымыз керек. Барух, Еремия екеуің жасырыныңдар. Екеуіңнің қайда екеніңді ешкім білмеуі керек».

Жохақым патша өзінің сәнді қысқы үйінде, от жанып тұрған ашық пештің жанында отырды. Оның өмірінде көптеген күнәлары болды. Бірақ ол Құдайды мүлдем тыңдағысы келмеді. Патшаға Құдайдың Сөздерін оқыған адам, шиыршық кітаптың үш немесе төрт бағанасын оқып бола салысымен, патша қағаз кесетін пышағымен оқылғанды кесіп алып, алдындағы ашық пешке салып отырды. Ақыры осылайша шиыршық кітаптағы бүкіл жазба отқа өртелді.

Бірақ Еремия мен Барух жасырынып жүргенде, осы сөздердің барлығын қайтадан жазып алды.

Құдайдың сүйіспеншілігі зор. Ол Өз Сөзінің барлығымыз үшін және балалар, сендер үшін де жазылуын қамтамасыз етті.

Мен сендерге Киелі кітапты күн сайын оқуға кеңес беремін. Ол сендерді өзгертсін!

Құдай сендердің жақсы болып көрінгендеріңді қалайды, әсіресе жүректерің жақсы болсын.


Рөлдер: Баяндаушы, Еремия, Құдайдың дауысы, уәзір, Барух, Миқая

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 02:17 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)