Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 093 (The Kurku-promise 5)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

93. Корку тіліндегі уәде 5


Ауылға оралған Рингудың қуанышына шек болмады.

Рингу: «Жолбарыс өлді! Жолбарыс өлді! Біз оны өлтірдік!»

Батту үлкен ағасын мақтан тұтты.

Батту: «Жарайсың! Жолбарысты аулау қорқынышты болды ма?»

Рингу: «Өте қорқынышты болды! Бірақ мен дұға еттім, және сонда өзімді тыныш сезіндім».

(қозғалтқыштың шуы)

Рингу: «Бұл - маған Иса туралы айтқан, ақ түсті шетелдік, Сахиб Грабб болуы керек».

Батту: «Жүр, оған қарай барайық!»

Ағайындылар жүгіре бастады. Бұрышқа бұрылған кезде, олар елші қызметшінің джипі балшыққа батып қалғанын көрді. Рингу бұқаларды жегіп айдап апарды және олар джипті тартып шығарды.

Сахиб Грабб: «Ал, енді бәрі жақсы. Рингу, көмегің үшін көп рахмет. Бүгін мен сенімен қоштасуым керек. Біз бір-бірімізді көпке дейін көрмейтін шығармыз. Есіңде болсын, Тәңір Иса әрқашан сенімен бірге. Оған адал бол және әрқашан Оған ұнайтын істерді істеуге тырыс. Күнә саған қуаныш әкелмейді. Мен саған берген Құдайдың хаты әлі де сенде ме?»

Рингу: «Иә, мен оны мұнда, қалпағымда сақтап жүрмін».

Сахиб Грабб: «Ең бастысы, Құдайдың Сөзін жүрегіңде сақта. Сен Оның Сөзіне сенімді бола аласың. Әй, айтпақшы, менің кішкентай органым жоғалып кетіпті».

Рингу қызарып кетті. Себебі ол аспапты ұрлап, оны ескі қораға тығып қойған еді ғой. Мүмкін Сахиб бұл туралы білетін шығар?

Сахиб Грабб: «Қазір оны іздеуге уақытым жоқ. Өтінемін, маған оны табуға көмектесші. Егер тауып алсаң, оны қалада тұратын Мерри ханымға апарып берші. Ол оны маған алып келеді, өйткені ол менің қай жерде уағыздайтынымды әрқашан біледі».

Рингу ақырын екі қолын айқастырып, құлағының сырғалықтарын тартты. Бұл іс қимыл арқылы үндістер уәде береді. Нағыз «корку тіліндегі» уәде.

Ол мұңайып үйіне қайтты.

Рингу: «Мен оны ұрлағанымды неге мойындамадым? Мен қорқақпын. Тәңір Иса, Сен мені әлі де естіп тұрсың ба? Мен бұл затты ұрладым. Мен бұған өкінемін. Менің күнәмді кешіре гөр және дұрыс әрекет жасауыма көмектесе гөр».

Және бұл жағдайда қалай істеу дұрыс болады? Рингу ұрланған затты иесіне қайтару керектігін жақсы түсінді. Бірақ мұны істеу оңай емес. Ол туралы адамдар енді не ойлайды? Оның жүрегіндегі тыныш дауыс: кішкентай органды Сахибке қайтар, сонда бәрі қайтадан орнына келеді, - деді.

Балалар, сендер де осы тыныш дауысты естисіңдер ме? Егер сендер бірдеңені ұрлап алсаңдар, жағдайды қалай түзетуге болатынын білесіңдер ме? Бұл сұрақтың жауабы келесі бөлімде болады.


Рөлдер: Баяндаушы, Рингу, Батту, Сахиб Грабб

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 02:12 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)