Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 049 (The Good Shepherd)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

49. Мейірімді Бақташы


Жақында мен көлікпен тас жолдың бойымен саяхаттап жүрдім, және әдемі ормандарды, жүзімдіктер мен егістіктерді көрдім. Бір жерде мен бір отар қой көрдім.

Балалар, қойлар басқаларға бағынбай, тек бақташыға ғана бағынатынын білесіңдер ме?

Ал қойлардың тез шаршайтынын және өздерін өздері қорғай алмайтынын білесіңдер ме?

Қойлар иттер немесе жылқылар сияқты, өз бетінше үйге жол тауып келе алмайтынын білесіңдер ме? Қойларға бағыт беретін, оларды қорғайтын, бағып-қағатын бақташы керек. Сондай-ақ бізге де Бағушы керек.

Қойларды көрген сайын, Иеміз Исаның сөздері менің есіме түседі.

Иса: «Мен “Ізгі Бағушымын”. Өз “қойларым” даусымды естіп, бағынады».

Ол Ізгі Бағушы, ал біз Оның қойларымыз.

Бір күні Иса қойлар туралы әңгіме айтып берді.

(фонда қойлардың шуы)

Иса: «Бір қойшының жүз қойы бар еді. Ол оларды жасыл жайлаулар мен тынық суларға апарып бақты. Жабайы аңдар оларға жақындағанда, бақташы қауіпті тез байқап, отарын қорғады. Қойлар қойшының қасында аман-есен жүрді. Бір күні кешке, бақташы әдеттегідей оларды үйіне апарып, оларды санады: ...97, 98, 99. Тек 99 ба? Бір қой жетіспеді! Ол жолынан адасып қалды. Шаршаған ол, шарасыздан көмекке шақырды. Естеріңде болсын: қойшысыз - қой өледі.
Бірақ бұл бақташы қойын тастамай, бір бұтаның арасынан қойын тапқанша, оны іздеді. Ол бақытты болды! Қойды иығына көтеріп, үйіне апарды. Енді қой толығымен қауіпсіздікте болды.
Қойшы достарын шақырды: менімен бірге қуаныңдар, мен жоғалған қойды таптым!»

Ол үшін бір қой өте маңызды болды. Ол оны іздеп, оны тапты. Ол оны жақсы көрді.

Иса - біздің Ізгі Бағушымыз.

Балалар, сендер Оның даусын естисіңдер ме? Сендер Оның соңынан еріп жүрсіңдер ме?

Исамен бірге сендер толығымен қауіпсіздікте боласыңдар. Ол бізге қажет нәрсенің бәрін береді. Ол әрқашан бізбен бірге және бізді қиындықта қалдырмайды. Осының бәріне қарамастан, көптеген адамдар Одан теріс айналып, өз жолдарында адасып жүр...

Неліктен бұлай істейтіндерін түсіну мүмкін емес!


Рөлдер: Баяндаушы, Иса

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 02:02 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)